RU

Алматы метросының басшысы қызметінен кетті

Алматы метросының директоры Айдын Оразханов бүгін өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков растады.

«Метрополитен» МКК баспасөз қызметінде хабарлағандай, бүгін басқарма басшысы Дәурен Әлімбеков Айдын Оразхановқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, ұжымға жаңа басшыны таныстырған. Енді директордың міндетін оның орынбасары Нұрлан Мұқанов уақытша атқаратын болды.

Айта кету керек, Айдын Оразханов метро басшылығына 2014 жылы келген. Бұған дейінгі басшы Қуат Мұсабеков жұмысшылар тарапынан шағым көп түскендіктен орнынан кетуге мәжбүр болған еді.

Ал былтыр метрополитеннің бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаев аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1104697-almaty-metrosynynh-basshysy-zhumysynan.html