RU
Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ерлан Аймұқашев. Фото: ustinka.kz
Source: UGC

Қала активін облыс әкімі Даниал Ахметов шаһардың жаңа басшысы Ерлан Аймұқашев Қапарұлымен таныстырды. 46 жастағы Ерлан Аймұқашев осыған дейін түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған.

1998-2000 жылдары Павлодар облысы әкімі істері басқармасының бас маманы, 2000-2001 жылдары Павлодар облысы әкімінің істер басқармасының хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2001-2002 жылдары Павлодар облысы туризм және спорт департаментінің бастығы, 2003-2007 жылдары Қазақстан премьер-министрінің көмекшісі болған.

Сонымен бірге Аймұқашев, 2012-2012 жылдары Мәскеуде Энергетика және инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесі (Министрінің) хатшылығының басшысы міндетін атқарушы, 2012-2014 жылдары Энергетика және инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесі (Министрінің) хатшылығының басшысы, (Мәскеу қаласы), 2015 жылдың ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысы міндетін атқарған.

Сіздің реакцияңыз
5
28
0
2
0
1
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel