RU
Шығыс Қазақстанда той жүргізушісі жоғалып кетті

Шығыс Қазақстанда той жүргізушісі жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Өскеменде 19 сәуір күні 21 жастағы жігіт үйінен шығып, қайтып оралмады. Достары студентті іздестіруге кіріскен деп хабарлайды NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғалған Алмас Есімхановтың достарының айтуынша, ол ешуақытта ұзаққа хабарсыз кетпейтін.

"19 сәуір күні Алмас Көкжал Барақ көшесіндегі өз пәтерінен шығып, қайтып оралмаған. Содан бері оны көргендер жоқ", — дейді жоғалғын жігіттің досы Еламан Сыйғыбатов.

"Жоғалардан бұрын ол өзін біртүрлі ұстады, бірдеңеге алаңдаулы жүргендей болды. Барлық достарына хабарласып едім, оны көрген ешкім жоқ. Сол себепті, біз оны іздестіруге кірістік", - дейді Еламан Сыйғыбатов.

Жас жігіт Алмастың туысқандары оны қаладан алыс жерде болғандықтан, іздестіре алмай отырғанын алға тартты.

"Алмас туралы қандай да бір ақпарат бере алатындарды мына нөмірге хабарласуын сұраймыз - 8 705 318 42 68", — дейді Еламан.

 Алексей Веселовтың материалынан аударылды.

Сіздің реакцияңыз
32
39
2
5
0
2
20
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel