RU
Астанада атақты саясаткер ортақ валютаның болашағына күмән келтірді
Жаңалықтар Финансы

Астанада атақты саясаткер ортақ валютаның болашағына күмән келтірді

Рассказать Вконтакте

Ортақ валютадан аузы күйген Еуропа, одақ құрып жатқан елдерге бұл қателікті қайталамауға кеңес берді. Батыстан келген саясаткерлер ашып айтпаса да, Еуразиялық одақты түйреп өткені белгілі деп хабарлайды КТК арнасы.

Астанада атақты саясаткер ортақ валютаның болашағына күмән келтірді

Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джек Стро. Кадр КТК арнасы

Бұдан бөлек, Еуразиялық медиа форумда мұнай бағасы, қарулы қақтығыстар мен алып державалардың өзара текетіресінен жазықсыз жандардың құрбан болып жатқаны ашық айтылды. Саяси салмағы ауыр тұлғалар жиналған форумды вице-премьер Дариға Назарбаева ашып, президенттің үндеуін оқып берді. Сосын еркін сөз таластырып, тығырықтан шығар жолды бірігіп іздеуге шақырды.

"Еуразиялық медиа форум әлемде ойып тұрып орын алатын ашық пікір алмасу алаңына айналды. Осында түрлі мәселелер айтылып, болашаққа жаңа көзқарастар қалыптасады", - деді премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаев.

Форумда алдымен әлемдегі №1-ші тақырып мұнай бағасы сөз болды. Құнның құлдырауы дамыған Еуропа елдерін де, кәдімгідей есеңгіретуде. Оның үстіне ОПЕК «қара алтын» өндіру мен оның бағасына қатысты әлі келісе алмай тығырыққа тіреліп отыр. Осы жерде пікірталасқа Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі қызу араласты. Ол мұнайдан бұрын Еуропаның шатқаяқтауын ортақ валюта енгізуден көреді. Джек Стро ортақ ақша Еуразиялық одаққа жақсылық әкелмейтінін меңзегендей.

"Ортақ валюта енгізуді «ақымақтық» дер едім. Қазір Еуропа осының кесірінен зардап шегіп отыр. Сондықтан, әр мемлекеттік төл ақшасы болуы тиіс. Ал, ортақ ақша түрлі түсінбеушіліктер туғызып, дағдарысқа соқтыруы мүмкін", - дейді Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джек Стро.

Медиа форумда Ауғанстанның экс-президенті де жүр. Хамид Карзай Исламды құбыжық етіп көрсеткісі келетіндерді аяусыз сынады. Мұсылмандарды жеккөрінішті қылу «қитұрқы саясат» деп ашына сөйледі. Оның үстіне насихатқа көзсіз сеніп, алданып жүргендер сол саяси ойындардың құрбаны болуда.

"Терроризмнің Исламға қатысы жоқ. Діннің атын жамылып жасалатын түрлі жарылыстардың артында державалардың геосаяси мүддесі жатыр. Бұл соғыста жазықсыз адамдардың қырылып жатқаны өкінішті", - дейді Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
80
7
10
0
29
23
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel