RU
Өскеменде жігіт "той жүргізушісі жоғалып кетті" деп әзілдеп, жұртты дүр сілкіндірді

Өскеменде жігіт "той жүргізушісі жоғалып кетті" деп әзілдеп, жұртты дүр сілкіндірді

Рассказать Вконтакте

Өскемен тұрғынының 21 жастағы Алмас Есімхановтың жоғалып кеткені туралы хабарламасы әзіл болып шықты. Жігіт бұл әзілімен артық кеткені үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, облыстық орталықтың тұрғыны Еламан Сыйғыбатов досының жоғалып кеткені туралы айтып, дабыл қаққан болатын. Еламан әлеуметтік желіде 21 жастағы той жүргізушісі Алмас Есімханов хабарсыз кетті деп жазған. Ол Алмастың екі күн бойы хабарсыз кеткенін және туыстарының оны таба алмай жатқанын баяндаған.

Бүгінде іздеу салынған жігіттің шын мәнісінде ешқайда жоғалмағаны белгілі болды.

"Бұл досымның орынсыз әзілі. Ол үшін қатты ұялып отырмын және бұл әрекетімен жұртты дүрліктіргені үшін көпшіліктен кешірім сұраймын", — дейді телефоннан Алмас Есімханов.

Әзілдеуші азамат та Yk-news.kz редакциясымен байланысқа шығып, бұл әрекетін түсіндіруге тырысты.

"Мен тек досымды аздап танымал еткім келді, алайда ақпарат тез тарап кететінін күтпедім. Бұл әрекетіммен біреуді алаңдаттырған болсам, кешірім сұраймын. Ендігі бұлай әзілдемеуге сөз беремін", - дейді Еламан Сыйғыбатов.

Алексей Веселовтың материалынан аударылды

Сіздің реакцияңыз
47
21
0
4
0
0
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel