RU
Таразда жас жұбайлар той күнінде жетім балаларды лимузинмен қыдыртты (фото)

Таразда жас жұбайлар той күнінде жетім балаларды лимузинмен қыдыртты (фото)

Рассказать Вконтакте

Тараздағы ЖД 158/2 колониясының қызметкері Әділет Жарықбасов өзінің шаңырақ көтерген күніндегі қуанышын жергілікті мектеп-интернаттың балаларымен бөлісті.

Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Қуанышты күндерінде жас жұбайлар Әділет пен Диляра өз ата-аналары бас тартқан, ақыл-есі кем балалар оқитын мектеп-интернатқа құр қол бармады. Жас жұбайлардың әкелген бірнеше үлкен тортымен және түрлі сыйлықтарды көргенде балалардың қуанышында шек болмады. Ал өз кезегінде балақайлар жас жұбайларға ән айтып, өлеңдер оқып, концерт қойып берді. Естен кетпес күннің соңында балалар лимузинге отырып, жас жұбайлармен бірге қаланы аралады", - деп атап өтті  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ КБ қарасты ЖД 158/2 мекемесінің қызметкері Эльмира Күлекеева.

ЖД 158/2 мекемесінің қызметкері Әділет Жарықбасовтың айтуынша, жетім балаларға сыйлық жасау идеясын бұрыннан ойластырып жүрген екен. Бұл ойын қалыңдығымен бөліскен кезде ол бірден қуана қабылдаған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жамбыл облысында полиция қызметкері Ғалым Арыстанбаев балалар үйінен бас баланы асырап алған еді.

Сіздің реакцияңыз
9
58
1
3
0
249
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel