RU
Белгілі саясаткер "Жер кодексіндегі" оралмандарды шеттетуді түсінбеді

Белгілі саясаткер "Жер кодексіндегі" оралмандарды шеттетуді түсінбеді

Рассказать Вконтакте

Танымал саясаткер Әміржан Қосанов "Жер кодексінде" жердің оралмандарға тек жалға берілетіні жазылғанынан ашулы.

Бұл туралы саясаткердің Facebook парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Жер кодексінде": "Шетелдіктер мен оралмандарға ауылшаруашылық мақсатындағы жер жеке меншікке берілмейді, тек 25 жылға жалға беріледі" деген тұсы бар. Оралмандарды шеттету деген не ол өзі? Ол уақытша ғана "оралман" мәртебесін иеленген қазақ емес пе?!

Шетелдіктер жерді 25 жыл жалға алып, дегенін істеп, сосын ол жалға алуда тағы да соза берсе қалай болмақ?! Сосын олар анау-мынау жерді алмайды ғой...Бірақ та шетелдіктерге үй салуға, орман өсіруге рұқсат беріледі екен. Миллиардтаған қытайға бір Алматыны бір үй ретінде қайта салу түкке тұрмайды!Бюджетті толтырудың басқа да жолдар бар ғой", - деп жазады саясаткер.

Еске сала кетейік, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің сатылатыны туралы мәлімдеме халықтың наразылығын тудырған болатын.

Сіздің реакцияңыз
35
25
2
3
0
38
57
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel