Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда медициналық университеттің студенті жоғалып кетті

Опубликовано:

Алматыда Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті жоғалып кетті деп хабарлайды Қазақпарат.

Оқу орнының Instagram-дағы ресми парақшасында 23 жастағы студент Санжарбек Арзиевке іздеу жарияланған.

Соңғы рет таныстары оны 29- сəуірден 30 сəуірге қараған түні  Құрманғазы-Шагабутдинов көшелерінің қиылысында көрген. Əлеуметтік желіде оның түр келбеті суреттелген.

«Бойы 175-178 см, орта денелі, салмағы 75-78 келі. Жас жігіт қара кеудеше, қара куртка киген»,- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда студентті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1117705-almatyda-qazumu-dinh-studenti-zhoghalyp/

pixel