Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайға күйеуге шығып жатқан қазақ қыздары Сапарбаевтың ашуын келтірді

Опубликовано:

Ақтөбеліктер облыс әкімінің халықпен кездесуінде шетелдіктерге күйеуге шығуға құмар қазақ қыздарының мәселесін көтерді деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

«Мен 42 жыл дәрігер болған адаммын. Осыдан екі жыл бұрын Алматыда жүргенімде, орталық баспасөзден оқыдым. 6 айдың ішінде 5500 қазақ қызы қытайға күйеуге шыққан екен. Ал қытай елінде 85 млн бойдақ адам бар. Олардың барлығы бізге келсе не болады?», - деді қала тұрғыны Абдулла Омаров.

Шетелдіктерге күйеуге шығуға құмар қазақ қыздары туралы ақпарат облыс әкімінің ашуын келтірді.

«Неге қазақтың қызы қытайға күйеуге шығады? Қайда оның әке шешесі? Оның тәрбиесі қайда? Неге қарамайды әке-шешесі? Сондықтан, ағайын, әуелі өзімізге сұрақ қоюымыз керек. Мен балама қандай тәрбие бердім? Одан кейін мұғалімдер. Мұғалімдерге де қоятын кінәлар бар, бәрі деп айтуға болмайды. Мұғалімдердің ішінде ер азаматтар азайып кетті», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауды айтып, сапалы білім беруге күш салу керектігін атап кетті.

«Үш тілділік жөнінен, егер біз дамыған мемлекет боламыз десек, ұрпағымыз қатарынан кем болмауы үшін қазақ тілінен бөлек, екі тілді жетік меңгеруі керек. Қазір жаңа технология келіп жатыр. Сондықтан мұны дұрыс түсіну керек. Тек бұған асықпаған жөн. Дайындалу керек. Мұғалім дайындау қажет, материалдық база дайындау керек», - деді Бердібек Сапарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1118292-qytaygha-kuyeuge-shyghyp-zhatqan-qazaq-qy/

pixel