Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енеңізбен ренжіскен жағдайда қалай татуласуға болады?

Опубликовано:

Келінге енесімен ренжіскен жағдайда не істеуі керектігін отандық психолог Балжан Қанапияева anabol.kz сайтына айтып берді.

Сонымен, психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер:

1. Енеңіз сіздің жасаған дүниеңізбен келіспесе, өз пікіріңізді де айтып көріңіз. Мүмкін ол кісі райынан қайтып, ойланар;

2. Енеңізді қатты ренжіткен болсаңыз, сізге көпке дейін ренжіп жүрсе, сіз ол кісінің айтқан нәрселеріне құлақ асып, тыңдаңыз. Сүйікті асын дайындап қонаққа шақырыңыз. Ол кісінің ұнататын сыйлығын да жасаңыз. Шын жүректен жасалынған дүние қай жүректі де жібітпей қоймайды;

3. Күйеуіңіз бен сіздің орталарыңызға түсіп жатса, ашумен емес, сабырмен тыңдаңыз. Ол кісінің айтқан сөзінің бірі сізге керек ақыл болуы мүмкін;

4. Енесімен тұрғысы келмейтін келіншектер өте көп, қайта сіз ол кісімен бірге тұрыңыз, ол кісіден қаншама тәжірбие жинайсыз. Отбасындағы қиындықтарды сол кісімен бірлесе шешесіздер;

5. Өзіңіздің де ұлыңыз болады, ол да ер жетіп, сізге келін әкеледі, сіз де келіннің қолыңызда бірге тұрғанын қалайсыз. Сондықтан енесінің тәрбиесін көрген, ақыл парасатын тыңдаған келін туыстарына да жақындарына да сүйкімді келін болары анық;

6. Ол кісінің істеген әрекеті дұрыс болмаса да, кешіріммен қарап кішіпейіл болыңыз;

7. Күйеуіңізге енеңізді жамандамаңыз. Мұнымен күйеуіңізге жек көрінішті боласыз. Сізден көңілі де қалады;

8. Енеңізбен әрдайым тату болу үшін, сіз ол кісіге барынша кішіпейіл жарқын жүзді болыңыз. Бір ауыз жылы сөз - жүректерді жібітуші, жақсылыққа басатушы;

9. Енесін сыйламаған келін еш жерге де сыймайды. Енесін сыйлаған келін отбасының шырағына айналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1118402-enenhizben-renzhisken-zhaghdayda-qalay-t/

pixel