Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев жер кодексіндегі өзгертулерге мораторий жариялады (видео)

Опубликовано:

Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында мемлекет басшысының Жер кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты шешімін жариялады.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Мен бүгiн шешiм қабылдаймын. Жер кодексiнiң қоғамдық резонанс тудырған бiрқатар нормалары, нақты айтқанда былтыр енгiзiлген төрт норманы күшiне енгiзуге келесi жылға дейiн мораторий жариялаймын. Алдымен жағдайды егжей-тегжейлi қарап, халыққа түсiндiрiп, парламентпен бiрге шешiп, келiсiмге келсеңдер, мароторийдi түсiремiз, болмаса түсiрмеймiз», - дедi президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1120818-nazarbaevtynh-zher-kodeksine-engizilg/

pixel