Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіңіздің көңілін таба аласыз ба?

Опубликовано:

Екінші жартыңды тауып, жақсы қарым қатынас орнаған кезде, оны жоғалтып алудан қорқамыз. Сол үшін не істесек болады екен деген ойға кетіп, сақтанып жүретініміз рас деп жазады comode басылымы.

Көптеген әйелдер ерлерімен қарым-қатынасын сақтап қалу үшін, түрлі айла-амал ойлап табады. Біреуі төсек қатынасымен басын айналдырса, енді бірі дуаның арқасында жіпсіз матап қоятыны тағы бар. Алайда, нәзік жандылар үшін ең оңай, тиімді, сондай- ақ күйеуіңнің басқа қыздың жетегіне кетпейтіндей әдістерді ұсынып көрейік.

Жабысып жүруші болмаңыз

Арадағы байланысты үзіп алмау керек. Егер оның қасында тәулік бойы жүретін болсаңыз, ол айтарлықтай жақсы нәрсе емес. Сондықтан жақын болсаңыз да, жабысып мазасын алудың қажеті шамалы. Дистанция сақтай білу керек.

Достарының алдында қолдай біліңіз

Қаншалықты қызығушылығыңыз жоғары болса, соншалықты жақсы болады. Ортақ достар болып араласу нұр үстіне нұр болады. Себебі, екеуіңіз де бірге отырып, үлкен ортада әңгіме дүкен құра аласыздар.

Оның досы бола біліңіз

Қарым-қатынас тек төсекпен шектелмейді. Жарыңызға жақсы дос та бола білуге тиіссіз. Көмекке зәру кезінде қасынан табыла біліңіз. Сонда ғана ол сізден ешқайда кете алмайды.

Жақсы көретін дүниелеріне қызығушылық білдіріңіз

Қамқор болып, жағдайын жасаңыз. Оның немен айналысып жүргенінен хабардар болып, не алаңдататынын байқап жүріңіз.

Мейіріміңізді төге біліңіз

Жағымды хаттамалар жіберіп, болмаса ұйықтар алдында қайырлы түн тілеп, қамқор танытқаныңыз дұрыс. Әрине, шектен тыс қысым көрсетуге де болмайды.

Еркектің махаббатына бөленіп, оны ұстай білу деген ғылымды зерттеумен бірдей. Алайда, сол ердің жанында өзіңізді бақытты сезінсеңіз, батылырақ болыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1121638-kuyeuinhizdinh-konhilin-taba-alasyz-ba/

pixel