Выйти
RU

"Мюзикола" тобының гитарисі Болат Сыздықов дүниеден озды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Мюзикола" тобының гитарисі Болат Сыздықов қайтыс болды. Бұл туралы Сыздықовтың жақын досы әрі әріптесі Байғали Серкебаев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Жетінші мамырда Болат Сыздықов дүниеден озды... Мен бұл керемет, өз ісіне адал музыканттың отбасына және оны білген барлық жанға көңіл айтамын", - деп жазған Серкебаев жеке парақшасында.

"Достар, жаңа ғана жантүршігерлік хабар алдым, Менің тағы бір сүйікті әрі сыйлы досым, музыкант, гитарист және керемет адам - Болат Сыздықов қайтыс болды. Сүйікті Батырымыздың қазасынан тура бір жыл өткенде. Бұл не болып барады? Неге жақсылар кетуде? Олар қасымызда болғанда қадірін білмейміз. Қымбатты досым, жатқан жерің жайлы болсын! Иманды бол!" - деп жазған музыканттың өзге досы Марғұлан Сейсембаев өз Facebook парақшасында.

Танымал қазақстандық гитарист, композитор, "А Студио" тобының бұрынғы қатысушысы және "Мюзикола" тобының әрлеушісі Болат Сыздықов 1956 жылы 21 маусымда Қарағандыда дүниеге келген. Ол балалық шағынан музыкамен айналысып, Александр Мажелянның ұстаздығымен джаз гитарасын меңгерген. 16 жасында Қарағанды филормониясына қабылданып, "Гәкку" ансамблімен бірге өнер көрсеткен.

1976 жылы Алматыға келіп “Гүлдер” ансамбілінде, "Арай" тобының құрамында еңбек етіп, Роза Рымбаевамен бірлесе жұмыстар атқарған. 1992 жылдан бастап Карина Абдуллинамен "Мюзикола" дуэтін құрып, танымал болды.

Ол 2012 жылы 5 желтоқсанда ел президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері" атанған.

Музыкант алпысқа қараған шағында көз жұмды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мюзикола" тобының гитарисі Болат Сыздықов дүниеден озды (фото, видео)