RU
Аиша Бүркітті екі жыл бойы соңынан жүгірткенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аиша Бүркітті екі жыл бойы соңынан жүгірткенін айтты

Рассказать Вконтакте

Өзіндік тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген Бүркіттің жары Аиша отбасын сақтап қалудың басты құпиясымен бөлісті. Ол аяулы ана мен сүйікті жардың стюардессаға ұқсауы керектігін айтты.

Аиша Бүркітті екі жыл бойы соңынан жүгірткенін айтты

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Аиша қыз Бүркітті бір емес, екі жыл қатарынан жүгірткен. Екеуі ортақ достары арқылы мерекелік отырыстардың бірінде танысқан. Бүркіт бір көргеннен ғашық болып екі жыл бойы гүл шоқтарын жіберіп жүрген. Аиша қыз екі ұсынысынан бас тартып, соңғы ұсынысты өзі жасаған. Махаббаттары осылайша тағдырдың сынына төтеп беріп қосылған жас жұбайлар отбасында келеңсіз оқиғалар болып тұратынын жасырмайды. Десе де, Айша қажет кезде кішірейіп, отбасының береке-бірлігін сақтап қалуға тырысатынын айтты.

“Отбасын айрандай ұйытып, оның берекесін кіргізетін тек әйел. Біз әйел мен еркектің оң және сол жақ жартышарларының түрліше қызмет атқаратынын білеміз. Әйел адамда аталған жартышардың екеуі де бір уақытта іске қосылып тұрады. Ал ер адамда керісінше екі жартышары кезекпен жұмыс істейді. Бұл жартышарлардың бірі саналы ойлау білуге, екіншісі эмоцияға жауап береді. Яғни, әйел адам сезімге беріліп тұрып саналы шешім қабылдай алады. Ал ер адамның бойында мұндай қасиет жоқ. Олар эмоция мен ақылдың арасында біреуін таңдауы тиіс. Ер адам эмоцияға мүлде берілмесе, жүйкемізді жұқартып, сөзі зілді естілуі мүмкін. Әрине, оқыс оқиғалар кезінде мұның пайдасы зор”, – деп Аиша мұндай қасиеттердің сүйіктісіне де тән екенін айтып өтті.

Әрі қарай әнші оқыс оқиғаға тап болған кезде әйел адамның дүрбелеңге салынатынын, отбасының әр мүшесінің көңіл-күйі тікелей әйелге байланысты екенін тілге тиек етті.

“Барлығымыз да өмірімізде бір рет болсын ұшақпен алыс сапарға шығып көрдік. Әдетте ұшқыштың ұшақты қалай басқарғанын байқамаймыз. Бар болғаны ағылшын тілін қандай дәрежеде меңгергеніне көз жеткіземіз. Жол бойы қамқорлық танытып, сусын мен тамақ әкеліп, түсініспеушіліктерді ретке келтіріп, ашуланып, қорыққан кезде жастық әкеліп беретін бір жан бар. Ол – стюардесса. Оның қамқорлығы дәл әйел адамның еріне, баласына деген махаббатпен пара-пар. Бұл бойжеткеннің бойынан асқан жауапкершілікті байқауға болады”, – деп Аиша әрбір әйел адамға стюардессаға ұқсауға кеңес берді.

Мұның себебін оның әрдайым таза әрі сұлу болып жүретіндігімен байланыстырды. “Ол жан-жағына нұр шашып, қуаныш сыйлайды. Тәртіп пен жайлылықты қамтамасыз етеді. Салондағы атмосфера сол бойжеткеннің қолында. Сұлу немесе сәнбике секілді мінсіз болу шарт емес. Бар болғаны жан мен жүректің сұлу болуы. Біздің де мақсатымыз – ең жақсы стюардесса болу. Сол кезде ғана біз сый-құрметке ие болып, отбасымызбен бақытты күй кешеміз. Әйел адам барлығын ретке келтіріп отырса, ер азамат алаңсыз ұшақты басқаратын болады”, – дейді.

Аиша Бүркітті екі жыл бойы соңынан жүгірткенін айтты

Бұдан өзге осы күнде сүйікті жар атанып екі баланы құшағына басқан Аиша отбасындағы негативтен арылудың түрлі тәсілін ұсынды. Оның айтуынша, әйел адам ішіндегі негативті сыртқа шелектеп шығарады, ал ер адамдар оны ешкім көрмейтін жерге барып төгеді. Мұнымен қатар, ер азаматтың махаббаты осындай сәтте әйеліне қалай көмек көрсететінімен тікелей байланысты көрінеді.

“Жарын сүйген ер оның табиғатын түсініп, мұндай қылықтарына көз жұма қарайды. Артынша барлығын ұмытып, махаббатпен үйге қайта оралады. Бұл – дұрыс бағытта өрбіп жатқан қарым-қатынас. Ер адам келіп-кетіп үнемі қозғалыста болуы тиіс. Ал әйел адамға эмоциясын сыртқа шығару тән. Осылайша құдықтың суы тазарып отырады”, – деп Аиша сүйіктісімен қанша ренжіссе де, соңында татуласатынын айтты.

Көп адам жүзі жадырап, сахнада ән салғандардың бақыттың құшағында өмір сүретінін айтады. Десе де, жұлдыздар мұны жоққа шығарып, Айша секілді түрлі тәсілдің көмегіне жүгінетіндіктерін жасырмайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
68
199
16
16
0
379
89
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel