Выйти
RU

Қанат Ислам: Менің енді чемпиондармен айқасқым келеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ешқашанда жеңіліп көрмеген қазақстандық Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхелді нокаутқа түсіргеннен кейін бұл жекпе-жек жайлы өз ойын білдірді, деп хабарлады Sports.kz Boxingnews24.com-ге сілтеме жасап.

"Алты раундты еңсеріп, жеңіске жеткенге дейін өзімді жақсы сезіндім. Жұдырықтастым, аяқпен жұмыс істеп, алға-артқа қозғалып, қуатты соққылар дарыттым да, ойынды аяқтау керектігін түсіндім. Оның жағдайы түзеледі деген ойдамын. Әрине, жарақатпен айқасқа шығу қиын, алдағы уақытта қалпына келеді деп үміттенемін. Оның төртінші раундта шаршағанын байқадым да, соққыларымды үдете түстім", - дейді Қанат.

"Бұл жерде жергілікті қазақстандық қауымдастықтан келген, алыстан келген жанкүйерлерім көп болды. Енді олардың мені биыл әлемдік чемпиондық титул үшін жекпе-жектерде жеңісімді көргендерін қалаймын. Кім чемпион? Солармен айқасқым келеді", - деп ағынан жарылды спортшы.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қанат Ислам: Менің енді чемпиондармен айқасқым келеді