Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Ислам: Егер халық қаласа, мен Головкинмен рингке шығамын

Опубликовано:

Бокcшы Қанат Ислам Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу туралы сыбысқа қатысты жауап берді.

Ол "Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі болса, оған келісер ме едіңіз?" деген сұраққа:

"Геннадий екеуміз Қазақстаннан шыққанбыз. Екеуміздің де соққымыз жақсы. Ол да төбелесуден қорықпайды және төбелесе біледі. Біз бір елдің намысын қорғап жүргендіктен, екі қазақстандықты бір-біріне қарсы қою керек емес. Ал, егер халық екеуміздің жекпе-жекке шыққанымызды қаласа, мен рингке шығар едім. Өйткені, бұл – бокс. Геннадийге тек жеңіс тілеймін. Ол әрдайым еліміздің туын көкке көтеріп, халқымыздың батыры атана берсін деп тілеймін", - дейді ол.

Сонымен қатар боксшы қазақстандықтар алдында жауапкершілікті сезінетінін айтты.

"Әр жекпе-жегімде Қазақстан елінің мені қарап отырғанын сеземін. Сондықтан жауапкершілікті ұғына түсемін. Қазақстан халқының бірлігін мақтан тұта отырып, қолдауына алғыс білдіремін. Халқымыз сабырлы болып, өсіп-өне берсін. Қазақстан жастары үйде отырмай шетел асса, еліміздің көк туын желбіретсе, құр босқа жүрмей жұмыс істесе екен деймін", – дейді Ислам жанкүйерлеріне.

Бұған дейін Қанат Исламның менеджері Нельсон Лопес әр түрлі салмақта болғанына қарамастан, Қанаттың Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы кәсіби рингте 21-жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1124784-qanat-islam-eger-khalyq-qalasa-men-golo/

pixel