Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Мұхтархан Ділдәбеков әйелімен отбасылық бизнес ашты ма?

Опубликовано:

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, бокстан былғары қолғап шебері Мұхтархан Ділдәбеков  жұбайы Альбина Елшиевамен бірге отбасылық бизнесті қолға алыпты деген ақпарат желіде тараған болатын. NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі бұл ақпараттың растығын тексеріп көрді.

Желіде тараған ақпаратқа сенсек, ерлі-зайыптылар Шымкент қаласы, Д.Қонаев гүлзары мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысынан «Биік» сауда орталығын ашқан. Жаңадан жұмысын бастаған сауда орталығының алғашқы сатып алушылары да елге белгілі бірқатар спортшылар болған.

Бұл жаңалықты естіп, NUR.KZ порталының тілшісі Ділдәбековтің жұбайы Альбина Балғабайқызына хабарласты. Алайда боксшының жары бұл мәліметті жоққа шығарды.

Алғашында «неге ондай жаңалықтарға құмарсыздар?» деп ренішін білдірген Оңтүстік Қазақстан облысының экс-бас педагогы жолдасы Ділдәбековтің спорттағы жаңалықтарымен бөлісіп, сауда орталығының ашылу салтанатына расымен де барғанын айтты.

«Рас, біз орталықтың ашылуына бардық. Бірақ оның иесі мен де, жолдасым да емес. Оны біздің туыстарымыз ашты. Қуаныштарына ортақтасу үшін ашылу салтанатында болдық», - деді Елшиева.

Боксшының жары өз сөзінде мамырдың 13-інде Шымкентте Мұхтархан Ділдәбеков атындағы халықаралық турнирдің ашылуы болатынын айтып, ақпараттық қолдау көрсетуді сұрады.

Айта кетейік, Альбина Елшиева 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына басшы болып тағайындалған. 2012 жылы боксшы Ділдәбековке тұрмысқа шықты. Айтуынша, ол қазір заңды декреттік демалыста.

«Талай жыл мемлекеттік қызметте жүрген мен әзірге демалып жатырмын. Мен үшін бала тәрбиесі – бәрінен маңызды», - деп сөзін түйіндеді былғары қолғап шеберінің әйелі.

Осы тақырып бойынша тағы да оқи алатыныңыз:

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі қызметінен кетті

Амир Хан: Головкин тым мықты боксшы, оған шамам жетпейді

Қазақстандық Иса Ақбербаев венгр боксшысын нокаутқа түсірді (фото, видео)

Архимед Мұхамбетов танымал боксшыға 1 млн теңге санап берді

Олимпиадаға 10 қазақстандық боксшы қатысады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1124799-boksshy-mukhtarkhan-dildabekov-ayelime/

pixel