Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Англиялық бойжеткен тойының алдында 72 келі салмақ тастады (фото)

Опубликовано:

Британиялық бойжеткен өзінің үйлену тойы алдында 72 келі салмақ тастаған.

Бұл туралы bloknot.ru ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

«Белгілі қара шашты қыз үйлену тойы алдында 72 келіге дейін арықтаған», – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіге осыны дәлелдейтін суреттер салған Мишель Пардо есімді қара шашты қыз «Тонна тәтей» деген лақап атпен белгілі екен.

«Мен бала жасымнан толық болдым. Ас бөлмесіндегі шкафты ашу үшін мектептен үйге қарай құстай ұшатыным әлі есімде», - дейді Мишель.

Бойжеткеннің айтуынша, ол «ғажайып ханзаданы» кезіктіруді сол кезден армандапты. Алайда, мектептегі балалар оны толық және көріксіз санап, айнала қашып жүретін болған.

«Содан кейін мен фауст-фуд тағамдарына ғашық болдым. Күн сайын екі-үш гамбургер жеп қоятынмын. Ал «Макдональдстың» картоптарын күніне үш рет жейтінмін», – дейді Пардо.

26 жастағы бойжеткен өзінің ханзадасын кездестіргеннен кейін, өзгеруді ойлаған. Осыдан кейін Мишель зиянды тағамдарды жеуді тоқтатып, салауатты өмір салтына көшеді. Спортпен шұғылдана бастайды. Нәтижесінде қысқа уақыттың ішінде 72 келі салмағын тастайды.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Ақтауда ауыр дертке шалдыққан сегіз жасар қыз бала көмекке зәру

Үндістандық кейуана 70 жасында тұңғыш сәбиін өмірге әкелді

Ақтөбеде алты гей жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырған

АҚШ-та су қараңғы науқастың көзі күтпеген жерден көріп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1125663-angliyalyq-boyzhetken-toyynynh-aldynda-72/

pixel