RU

Toyota Қазақстанда көлік жасауын тоқтатпайтынын мәлімдеді

Бұған дейін кейбір отандық басылымдар мен әлеуметтік желілерде «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС елімізде Toyota Fortuner көліктерін жинауды тоқтады деген хабарлама тараған болатын.

Компания өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр деп хабарлайды Skifnews.kz басылымы.

Бұл жайында компанияның ресми сайтында хабарланған.

«Бүгін "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС бұған дейін БАҚ-тарда жарияланған Қазақстанда Toyota Fortuner көлігін құрастыру үшін машина бөлшектерінің жеткізілімі тоқтатылды деген ақпаратты жоққа шығарады. Компания мәлімдемесіне сәйкес, аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда Toyota Fortuner көлігін одан әрі жинау үшін машина бөлшектеріне тапсырылыс берілді», - делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.

Айта кетейік, ең алғашқы Toyota Fortuner көліктері Қазақстанда 2014 жылдың маусым айынан бастап шығарылды. Биыл жыл басынан бері отандық көліктерге сұраныстың күрт төмендеп кетуіне байланысты өндіруші компаниялар өндіріс көлемін қысқартып отыр.

Сонымен қатар оқыңыздар:

"Панама құжаттарында" аты аталған қазақстандық бай-бағландар түсініктеме беріп жатыр

Зиялы қауым президентке ашық хат жолдап, білім саласындағы эксперименттерді тоқтатуды талап етті

Айсұлтан Назарбаев Жақсыбековке Талдыкөлдің жағасынан киіз үй тігіп беруге уәде берді

Семейдегі интернат директоры 17 жыл бойы балаларды зорлаған азғынның қылмысын жасырған

Нұртас Адамбай үстіне зәр төгілгеннен кейін түрмеге қамалған полицейге көмектесуге шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1125703-toyota-qazaqstanda-kolik-zhasauyn-toqtatpa.html