Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал тележүргізуші өмірден өтті

Опубликовано:

Халыққа спорт жаңалықтарын жүргізіп танымал болған журналист Асылхан Өмірбекұлы дүниеден өтті.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Асылханның әріптестері жазуда деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазақстан" арнасында спорт жаңалықтарын жүргізген Асылхан осыдан бірнеше жыл бұрын ауыр дертке шалдыққан болатын.

"Екі күн бұрын Айдос ағам екеуміз көңілін аулап, үйіне кіріп шыққанбыз. Жарты сағаттай жанында отырдық. Сырқат жанын жегідей жеп жатыр, білдірткісі келмеді. Терең күрсінді де, көңілденген кейін танытып, "Инша Алла, Оразаға да аз қалыпты ғой" деді. Кетер тұста, "жиі келіп тұрыңдаршы" деді. Бізді көзінің қиығымен, бір үлкен қимастықпен шығарып салғандай болды. Сол күні Асыл бауырымыздың ақ жүзін бұл жалғанда ең соңғы рет көруіміз екен. Көкірек өксиді, іштей тынасың", - деп жазады танымал диктор Мейіржан Әлібекұлы.

"Осы сапар естен кетпейді. Бұл күні сен аты жаман дертке шалдыққаныңды білмейтінсің.... Біз сені емxанадан алып кеттік. Анализді асығыс тапсырдың да бізге ілесіп кете бардың. Сен де біз де жеңіл-желпі сырқат шығар деп ойладық. Баршынның бойында екі күн тойладық. Қармақ салып, балық ауладық. Жақсы демалыс болды. Нұрбек Бекбау екеуің алысып ойнаған сәттерің де көз алдымда... Аяғына "зацеп" орап лақтырғалы жатқаныңда осындай балуан жігіт қалайша ауырушаң болады деп таңғалғанмын. Бірақ дерт дегенін қылады екен. Сол сапардан соң сен Нұрбекпен емес аурумен күресіп кеттің. Мәскеуге дейін барып емделдің, ұзақ уақыт алыстың. Анажолы "Әйел бақыты" xабарында ауруды жеңген адам ретінде сұxбат беріп отырғаныңды көріп қуанып едім, артынша ауруxанаға қайта түскеніңді естіп уайымдап қалдық. Енді міне таң атпастан Нұрбектен суыт xабар жетті. Сен кетіпсің... Қажылыққа бір бару арманың еді, ол да бұйырмады. Діни басқарманың маған берген сертификатын шын ниетіммен-ақ өзіңе сыйлап едім, алайда ол да белгісіз себеппен сиырқұймышақтанып кетті. Бірде xат алмасқан сәтімізде "берілме, соққылай-соққылай ауру да діңкелейтін шығар",-деген менің қайрауыма "сол бәленің соққысы жаман, нокдаунға жібереді, есті аударады",-деген болатынсың.... Ақыры жеңіпті. Бақұл бол Асылхан! Сен көрмеген қызық артыңда қалған ұл-қызыңа бұйырсын!", - деп жазады журналист Есболат Айдабосын.

Осы тақырып бойынша тағы да оқи алатыныңыз:

"Мюзикола" тобының гитарисі Болат Сыздықов дүниеден озды (фото, видео)

Еліміздің белгілі демограф ғалымы Мақаш Тәтімов дүниеден озды

«Алдараспан» театрының актрисасы дүниеден озды

Даңқты футболшы Йохан Кройф өмірден өтті

Белгілі жазушы Нұрғожа Ораз өмірден өтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1125967-sport-zhanhalyqtaryn-zhurgizgen-tanyma/

pixel