RU

Өзбекстанда мешіттен ұрланған 27 мың долларға тауық қора салған

Әндіжан облысындағы «Холид ибн Валид» мешітіндегі 173 миллион сум (27 мың АҚШ доллары) пітір-садақаның қайда жұмсалғанын тексерген тергеушілер мешіт қызметкерлерінің ақшаны тауық қора салуға шығындағанын анықтады.

Азаттық радиосының дереккөзі Асак қаласындағы «Холид ибн Валид» мешітінің имамы, бухгалтері және қызметкерінің мешітке келушілердің ақшасының бір бөлігіне балапан сатып алып, тауық күрке тұрғызғандарын айтты.

"Тергеу барысында тауық күркенің салық органдарында тіркелмегенін анықталды. Яғни бұл тауық күркенің мешітке қатысы барын дәлелдейтін ешқандай құжат жоқ. Садақаға түскен ақшаға салынған құрылыстың жеке бас мүддесі үшін салынғаны белгілі болды", – дейді дереккөз.

Мешіт қызметкерлерінің бірі келушілердің ақшасына расымен де балапан сатып алынып, тауық күрке салынғанын растады. «Біз бұл ақшаларды пайызбен қарызға бере алмаймыз. Сондықтан оған балапан сатып алдық. Олар біраз өскен соң, оларды сатып ақшаны мешітке қайтарамыз деп ойладық. Бұл мешіттің ақшасы жұмсалып кетпеуі үшін жасалған игі ниет еді», – дейді ол.

Мешіт бухгалтері жұмыстан қуылды, имам мен мешіт қызметкері тергеліп жатыр. Бұған дейін мешіт өкілдері ақшаны жөндеу жұмыстарына жұмсағандарын айтқан еді.

Өзбекстанда жұмысшыларға жалақының орнына балапан беріп жатыр

Түркіменстанның мәдениет қайраткері педофилдігі үшін сотталды

Гейлер мен лесбилердің өмір сүруіне ең ыңғайлы елдер анықталды

Путин: Біз кез-келген блокаданы бұзып өтеміз

"Ислам мемлекетінің" лаңкестері бүтіндей бір отбасыны өртеп жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1126182-ozbekstanda-meshitten-urlanghan-27-mynh.html