RU
АҚШ-та семіздікпен күресіп жүрген 360-келілік ер адам көз жұмды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ-та семіздікпен күресіп жүрген 360-келілік ер адам көз жұмды (видео)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Миссури штатында 360-келілік ер адам көз жұмды. Бұл туралы "Лентаға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ларри Эванс (Larry Evans) есімді азамат 40 жаста болатын. Ол әлеуметтік желі қолданушылары арасында семіздікпен күресіп жүргені үшін айтарлықтай танымал болып үлгерген деп жазады Metro.

Екі жыл ішінде 70 келі тастауға бел буған Эванс өз жетістіктерімен Facebook желісі арқылы көпшілікке бөлісіп отыратын. Оның әрбір бейнежазбасы кемінде 30 мың қаралым жинайтын.

Оның жаттықтырушысы Крис Бустың (Chris Booth) айтуынша, Эванс әлем бойынша семіздікпен күресті өзінен бастағысы келген.

«Ларри өз өмірін көпшіліктің назарына қойып, өзгелерді спортпен шұғылдануға ынталандырмақ болды», — дейді Бус.

Ер адамның соңғы жаттығуынан түсірілген роликті 27,8 миллионнан астам адам қараған.

Әзірге Эванстың неден қаза болғаны құпия сақталуда. Fox2Now телеарнасының ақпаратына сәйкес, ер адам өкпе қабынуы дертіне шалдыққан.

Тағы да оқыңыз:

Обама Хиросимада ресми түрде кешірім сұрамайды

Обама есірткі саудасымен ұсталған 60-қа жуық қылмыскерді түрмеден босатты

Барак пен Мишель Обама роботтармен жарысып би биледі (видео)

Генерал Путиннің көзінше жаңа әскери көліктің тұтқасын жұлып алды (видео)

Қырғызстанда билікті күшпен басып алмақ болғандар ұсталды

Сіздің реакцияңыз
1
28
1
7
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel