RU
Путиннің бұрынғы серігінің активі бұғауланады
Жаңалықтар Әлемде

Путиннің бұрынғы серігінің активі бұғауланады

Рассказать Вконтакте

Ресей Лондон сотының қуғындағы ресейлік миллиардер Сергей Пугачевтің активтерін, оның ішінде Францияның Ривьера қаласындағы қымбат яхтасы мен жылжымайтын мүліктерін арестке алу туралы шешімін алғанын хабарлады.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Ресей банкрот істері жөніндегі агенттігінің мәліметінше, Пугачевтің бұған қоса Ниццедегі қамалы мен француз Альпісіндегі шағын үй-жайы да арестке алынған.

Сергей Пугачев бір кездері Кремльмен тым жақын байланыста болғандықтан "Путиннің банкирі" деген атпен атпен белгілі болған. Ол кеме жасау өнеркәсібі мен банк саласында бизнес жасап, Ресейдегі ең бай адамдардың бірі болған. Ресей Федерация кеңесіне Тува облысынан сайланған бұрынғы сенатор Пугачев 2011 жылы президент Владимир Путиннің қудалауына ұшыраған соң Ұлыбританияға кетіп қалған.

Францияда қуғында жүргенде ол Мәскеумен соттасып, өткен жылы Гаагадағы арбитрлық сотқа Ресей үкіметінен "бизнесін тартып алғаны үшін" өтемақы ретінде 12 миллиард доллар төлеуді талап етіп шағым түсірген.

Ресей бұған жауап ретінде Пугачевті алаяқтық жасады және қаржы жымқырды деп айыптап, халықаралық іздеу жариялап, сырттай екі жылға соттаған.

Пугачев өзіне тағылған айыптарды терістейді. Бірақ сот оның активтерін Ресейдің оған қарсы шағымдарына байланысты бұғаулаған.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Қырғызстанда оппозиционерлер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған

"Ислам мемлекеті" соғысудан бас тартқан өз әскерін өлтіруге кірісті

Үндістанда адамға лық толы карусель құлап кетті

АҚШ-та семіздікпен күресіп жүрген 360-келілік ер адам көз жұмды (видео)

Ресей Түркиядан келетін барлық жеміс-жидекке тыйым салмақшы

Сіздің реакцияңыз
0
10
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel