RU

ОҚО-да полицейлер екі адамды өрттен аман алып қалды (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жергілікті екі тұрғынды өрттен аман сақтап қалды. Олар -  Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің үш қызметкері, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

2016 жылдың 10 мамыр күні Шардара АІІБ-нің үш қызметкері, жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Б.Кеңесов, С.Аязханов және ювеналды полиция инспекторы полиция майоры М.Нуржанов өз өмірлерін қауіпке тігіп, Шардара ауданының екі тұрғынын өрттен аман сақтап қалды.

Дәл сол күні, сағат 17.00-де полицейлер Б.Кеңесов пен С.Аязханов жедел тапсырмамен бағыт алып, Шардара қаласы Қазыбек би көшесінде орналасқан екі қабатты үйде өрт болып жатқанын көреді.

Тәртіп сақшылары дереу көмекке келіп, пәтер есігін ашуға оқталады. Көршілердің айтуымен үй ішінде адамдар болған, алайда есік ішінен жабық болған. Жанып жатқан пәтердің есігін ашу үшін полицей Аязханов көрші үйден күрек алып келеді, ал Кеңесов сол мезетте Шардара АІІБ кезекші бөліміне өрт оқиғасы жайында хабар берген.

Көмекке жүгірген әріптестеріне ювеналды полиция инспекторы М.Нұржанов та қосылып, темір есікті күрекпен бұзып ашады. Іштен көмек сұраған дауысты есітіп, өрт болып жатқан тұрғын үйге енген. Содан тұрғын үйдің бір бөлмесінде есеңгіреп жатқан екі ер адамды көріп, оларды сыртқа алып шығып, алғашқы жәрдем көрсеткен. Олар 1985 жылы туылған пәтер иесі және 1980 жылғы танысы, екеуі де жергілікті тұрғын болып шығады.

Алдын ала анықтау барысында өрттің шығуына үй ішіндегі ерлердің үстел жанында темекі қалдығын сөндірмей, ұйықтап қалуы себеп болған.

Сонымен, Шардара АІІБ жедел уәкілдерінің кәсібилігі мен қырағылығының арқасында азаматтарды өрттен дені сау, ешбір дене жарақатынсыз аман қалды. Өмірлерін аман сақтап қалған өрттен жәбір көрушілер полицейлерге алғыстарын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Заңгер «Еуразия» арнасының үстінен сотқа шағым түсірді

Ақтөбелік азамат жер дауын шешудің жолын ұсынды

Көкшетаулық келіншек өзін жүкті етіп денсаулығына зиян келтірген күйеуін сотқа берді

Ресейде қазақстандық азамат үш жасар баласын 1,5 млн рубльге сатып жібермек болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1128775-oqo-da-policeyler-eki-adamdy-ortten.html