Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Назарбаева тұңғыш рет өзінің сәнді киімдер топтамасын ұсынды (фото)

Опубликовано:

Алматыда мамырдың басында Әлия Назарбаева тұңғыш рет әйелдерге арналған сәнді көйлектер топтамасын көпшілік назарына ұсынды. Бұл туралы cosmo.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Alsara by Damiani атты әшекей бұйымдардың дизайнері ретінде мансабын сәтті бастаған Қазақстан президентінің кіші қызы Әлия Назарбаева енді Alsara Couture атты сәнді киімдер топтамасын да қолға алды.

Назарбаеваның топтамасының деми-кутюр стиліндегі киімдері еш жерде қайталанбайтын үлгімен жасалған. Талғамды киімдер кез-келген маусымда киюге ыңғайлы.

Топтамадағы 25 киімнің денін этникалық әрі классикалық үлгідегі көйлектер құрайды. Ұзын көйлектер барқыт, органза, жаккард, шифон, велюр және жібек секілді маталардан тігілген. Әр киім кестелеп тігіліп, пайетка атты жартылай асыл тастармен безендірілген.

Киім үлгілерінде ұлттық көшпенді дәстүрдің элементтеріне ерекше мән берілген. Дәстүрлі ою-өрнектерден бөлек көйлекке тақия мен шапан да сәтті үйлестірілген.

Тағы да оқыңыздар:

Ең ықпалды қазақстандықтардың танымал балалары

Мұхтар Шаханов: Жерді шетелге сатқанды да, жалға бергенді де тоқтату керек

Қазақстаннан шыққан бұрынғы саентолог ашық сұхбат берді

Лондонда қашып жүрген қазақ магнатының мүлкі аукционға қойылды

Атырауда жоғары сыныпта оқитын 27 қыз жүкті болып қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1128948-aliya-nazarbaeva-ozininh-sandi-kiimder/

pixel