RU

Ішкі істер министрі тұрғындарды митингке шықпауға шақырды

Мәжiлiстiң үкiмет сағатынан кейiн журналистердiң сұрағына жауап берген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ендi қазақстандықтарға жер мәселесiне қатысты митингтер өткiзудiң қажетi жоқ деп есептейдi.

Сондай-ақ, ол 21 мамырда митинг болмайтындығына үмiтiн бiлдiрдi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бiз елiмiзде болып жатқан жиын, шаралардың барлығын қадағалауда ұстаймыз. Менiң ойымша, митинг өткiзуге еш себеп жоқ, барлық мәселе шешiлуде. Қазiргi таңда мемлекеттiк комиссия жұмыс iстеп жатыр. Мұның барлығы талқылануда. Сондықтан митинг өткiзудiң қажетi жоқ», - деп жауап бердi министр.

Қасымовтың айтуынша, елімізде «Митинг өткiзу туралы» заң бар. Оған сәйкес, олар өтiнiш жасауы керек, арнайы орын белгiленуi тиiс, себебi бұл адамдардың топпен жиналуы болып саналады.

«Сондықтан тәртiп болуы тиiс. Белгiлi бiр адамдардың тобыры барлық тәртiптi бұза алмайды. Олар көлiк жұмысына кедергi жасайтын болады, сәйкесiнше шара қабылдайтын боламыз», - дедi Қасымов.

Министр, сондай-ақ, жер мәселесiн көтеріп, митингке шыққандарға қатысты тергеудiң жүргiзiлмегендiгiн айтты. «Мен Атырау облысының прокуроры, облыс әкiмi нақтылап айтты деп ойлаймын, сондықтан бiзде ешқандай материал жоқ», - дедi Қалмұханбет Қасымов.

«Нақты тәртiп бұзушылық болған жағдайда, мысалы, тас лақтырған адамдар болса, олар жауап бередi. Ал адамдардың митингке шығуына қатысты ешқандай мәселе жоқ», - дедi министр.

Естеріңізге салып өтсек, елбасы Жер Кодексінің халық арасында дау тудырған бірқатар тармағына мораторий жариялаған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев жер кодексіндегі өзгертулерге мораторий жариялады (видео)

Қазақстан Бірінші арнасының жаңалығы қоғамда тағы да күлкіге айналды

Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері өз ойларын ортаға салды (фото)

Мұхтар Тайжан: Халықтың ұстанымы айқын, жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды

Олжас Сүлейменов қазақ жерін шетелдіктерге жалға берудің қауіпті екенін айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1129004-ishki-ister-ministri-elde-miting-otkiz.html