Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да Созақ ауданы экс-әкімінің қызы басқа ауданда әкім орынбасары атанды

Опубликовано:

ОҚО-да Созақ ауданының бұрынғы әкімінің қызы басқа аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының бұрынғы әкімі Әлібек Бектаевтың қызы Жанар Бектаева Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалған шенеунік 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын Қ.Яссауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент институтының «Саясаттану» кафедрасында оқытушы болып бастаған.

2006-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінде бас маман, ақпараттық саясат және БАҚ мониторинг бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, ОҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бас инспектор қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1129580-oqo-da-ozine-berilgen-parany-azsynyp-t/

pixel