RU

"Асау жүрек" сериалы арқылы танылған түрік актері шаңырақ құрды (фото)

Кенан Имирзалыоғлы мен Синем Кобал сенбі күні үйленді. Бұл туралы Hurriyet.com хабарлайды деп жазады 24.kz.

Үйлену тойына Түркияның бірқатар белгілі актерлері мен әншілері келді. 300 адам шақырылған үйлену салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында басталды. Неке қиғаннан кейін жас жұбайлар қонақүй сыртына шығып, тілшілерге сұхбат берді.

Естеріңізге сала кетейік, Кенан сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты қаңтар айында жасаған болатын.

Айта кетейік, Түркияның қос актері қазақстандық көрермендерге жақсы таныс. Кенан Имирзалыоғлы «Асау жүрек» телехикаясы және «Аждаһа тұзағы» фильміндегі Юсуф Мироғлы рөлі арқылы танылса, Синем Кобал «Сырлы Ыстамбұл» телехикаясындағы Су Мабенджи рөлімен танылды.

Кенан Имирзалыоғлы актер ғана емес, сонымен қатар модель болса, Синем де сәнбике әрі көптеген фильм мен телехикаялардың сценарийшісі.

Тағы да оқыңыз:

Америкалық әнші сахнада ән айтып тұрып құлап кетті (видео)

Басы дауға қалған Қайрат Түнтеков сахнаға қайта оралды

Қайрат Нұртас ұялы телефонының нөмірін неліктен жиі ауыстыратынын айтты

Айқын Төлепберген қызды болды

Алтынай Жорабаева неліктен ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1129756-asau-zhurek-serialy-arqyly-tanylghan-tu.html