Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдердің 99%-ы жіберетін жеті қателік

Опубликовано:

Психолог Анна Иотко өз жұмыс тәжірибесін барысында әйелдердің 99%-ы жіберетін жеті қателікті анықтады деп жазады anabol.kz.

"Мен әйелдермен жұмыс істеймін, сондықтан әйел адам өзгерген кезде, ер адамның оған деген қарым-қатынасы да өзгереді.  Бүгін мен өз тәжірибемде жиі кездескен ең басты жеті қателік туралы жазуды жөн көрдім", - дейді Анна Иотко.

№1 қателік: Сіз жиі ақылгөйсіп кетесіз

Қарым-қатынастағы басты қателік – әйел тарапынан әңгіменің көбейіп кетуі. Бұл бос әңгіме емес. Әйел көбіне өзінің неге көңілсіз екенін түсінудің орнына, «мен саған қалай жасау керек екенін айтамын! Мен білемін! Сен білмейсің!» деуге көшеді. Осылайша, мысалы, көлікте отырса, түскен соң да жалғастырып, жол бойы аузы жабылмауы мүмкін. Сөйтіп, болмашы нәрсе үшін, мың сөз айтылып, ер адамның миын ашытады.

№ 2 қателік: Біресе көл, біресе шөлсіз.

Әйел адам біресе көл, біресе шөл болып қалатынын мойындауымыз керек. Біресе «үнемі қолжетімді», біресе «мүлдем қолжетімсіз» болып кетеді. Екі түрлі жағдай болады: әйел адам өзінің ерінің іс-әрекетіне қарамастан, оған әрдайым қолжетімді болса, ол сол адам алдында өзінің бағасын түсіріп алады; әйел адам отбасында қатал басшының немесе бәріне бірдей «ана» рөлінде болса, онда ол өзіне сексуалдық тартымдылығын жоғалтып алады.

Себебі, ер адамның басында «ана» мен «секс» ұғымдары екі түрлі нәрсе. «Ана» махаббат үшін болса, секс үшін басқа әйел керек болары анық.

Әйел дегеніміз – ана мен қыздың әдемі үйлесімі. Осы екеуі бірігіп, байсалды, толықтай үйлесімді, ара-тұра өзгере алатын әйел адамды жасай алады.

Ана ешқашан да өзгере алатын әйел бола алмайды, себебі ол үнемі мазасыздануы керек, түзу жолмен жүріп, үлгі көрсете білу қажет. Ал қыз бала икемді келеді, себебі ол кейде ақымақтыққа да баруы мүмкін.

№ 3 қателік: Арыстанды алақанмен ұрып жүрсіз

Әйел өзінің үмітін ерінің ақтамағанын айтып, өзіне тең келмейтіні туралы меңзей береді. «Сен жалқаусың!», «Қашанғы шыдауға болады?», «Ешқашан ақша таппайсың!», «Қашанғы жүресің?» деген сияқты сөздерді жиі айтады. Мен бұны мынадай жағдаймен елестетемін, мысалы, арыстанды күн сайын алақанмен ұрғанмен тең.

Оған сен «арыстан емессің, сен күшті емессің» деп айтқандаймен бірдей. Оның орнына «Менің көңіл-күйім болмай тұр», «Сен мені түсінгенің өте маңызды болғандықтан, сен аса мән бермедің, соған біраз ренжіп тұрмын» деген сияқты сөздерді айтуды ұсынамын.

Осылайша, әйел адам ер адамға оның іс-әрекеті өзінің көңіл-күйіне әсер ететіндігін, яғни ер адам әйел адамның эмоционалдық жағдайына жауапты екенін білдіреді. Бұл өте маңызды. Себебі, әйелдердің барлығы жауапкершілікті күтеді.

Ал ер адам – артық жауапкершілікті алғысы келмейтін, өзін жайлы сезінетін адам. Сондықтан азаматтарымыз қасындағы жұбының көңіл-күйіне жауап бермес үшін, оған ыңғайлы жағдай жасауға тырысады.

№ 4 қателік: Сіз бақыттың не екенін түсінбейтін боларсыз?

Мен 15 жыл бойы жұмыс істеп келемін. Осы уақытқа дейін әртүрлі жастағы, әр жерде жұмыс істейтін, тәжірибесі мен тәрібиесі әртүрлі әйелдердің неге белгісіз нақты бір қателіктерді жіберетінін түсінбедім. Сонымен мен не түсіндім?

Ең басты түсінгенім, ата-ананың жауапкершілігі. Ата-ана өзінің қызына бақыт сезімін сыйлай білуі керек, осы арқылы ол қыз кейін өзін әлеуметтік ортаға сәйкестендіре алатындай болуы керек. Мысалы, маған бақыт сезімін сезінуге ешкім үйретпеді. Сондықтан, үлкен өмірге аяқ басқан кезде, мен бақытты сезінудің не екенін білмедім.

Ол жақсы баға алған кездегі сезімді, тәртіпті болғаны үшін, мақтаған кездегі сезімдерді білгенімен, өмірдегі маңызды сәттерде бақытты сезінудің жай-жапсарын білмейді. Сол себепті, оған кездескен жігіт «Сенің бақытың менмін» десе, сеніп, соның соңынан еріп кете береді.

2-3 жыл өтеді, бірақ ол бақытты сезіне алмайды. Содан өкініш басталады. Оның соңы басқа да қиындықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Ата-ананың басты міндеті – балаларына бақыттың не екенін сезіндіру, бақыт сезімін сыйлау.

№ 5 қателік: Балаларға жылулық дегеннің не екенін үйретпегенсіз

Менің танысымның 3 жасар қызы бар. Қыз әкесіне жақындаған кезде, ол бірден бар жан-тәнімен жылуын береді. Себебі, қыздың өзі әкесіне жабысып, бүкіл мейірімін төгеді. Осылайша, табиғат өзінің іс-әрекет үлгісін көрсетіп отыр.

Егер әйел адам үнемі өзін осылай ұстаса, онда ер адамның суыққанды болуына мүмкіндік те болмас еді ғой. Бірақ жыл өткен сайын әйел адам өзінің жылуынан айырылады, өзінің мейірімін ер адамға бере алмайды.

Әйел адам кішкентай күнінде барлығын ойланбастан, жүрек қалауымен істеген. Неге оны барлығына қайтадан үйрету керек?

Бұл мазасыздық. Алдыңғы қарым-қатынастан қалған сызат. Қыз бала үш рет алданып қалса, ол ойлана бастайды: «Мүмкін оған бұл керек емес шығар? Ол менен бас тартса қайтемін?» деген секілді ойлар келеді.

Егер сіз оған жақын барып, жақсы сөз айтсаңыз, оның сізге жақсы сөз айтудан басқа амалы қалмайды. Біздің балалар да тура сол сияқты. Ең алдымен, олардың сезімдерін ескеру керек. Егер қызыңыз жыласа, оған қайдағы жоқ ұсақ-түйекке жылап отырғаны туралы айтпаған дұрыс.

Керісінше, «Сенің орныңда болсам, мен де сөйтер едім» деп айтқан жөн. Осы жерде балаға бәрі жақсы екенін түсіндіру маңызды. «Қандай жағдай болмасын, мен сенімен біргемін!» дегеніңіз дұрыс.

Сонымен қатар, ақылгөйсіп кетуден аулақ болған жөн. Көбі былай дейді: «Мен кез-келген жағдайда сенімен біргемін, бірақ сен тыңдашы мені, мен сендей болған кезде...», осылай кете береді...

№ 6 қателік: Ер адамды сөйлеуге үйретіңіз

Ер адам сөйлей білу керек. Ол сөйлемесе, әйел адам өзін керексіз сезінеді. Себебі, олар жоспарды өз бетінше құрады да, оны әйел адаммен талқыламайды. Егер ол «Мен бүгін жұмыс істеймін, себебі үш жылдан кейін өзімізге үй алу керек» десе, онда, әйелі оны қуана қолдайтыны белгілі.

Ер адамның ойынша, егер ол сізбен бірге өмір сүріп, үйге келіп, тамағыңызды ішіп жүрсе, осының бәрі - оның сүйетіндігінің көрсеткіші. Бірақ әйел адамға бұл аздық етеді. Ос орайда әйелдер «Ол маған көз қиығын да салмайды, кеш келеді, кейде басқа бөлмеде ұйықтап қалады? Мұны қалай түсінсем екен» дейді. Осы сұрақты ер адамдарға қойсам, олар «Мен онымен біргемін ғой. Бәрі жақсы!» деп жауап береді. Бірақ дегенмен де, әйел адамға осының бәрін сөзбен жеткізу керек.

Ер адамға өзіңе не керек екенін қалай жеткізуге болады?

Әйел адам әр нәрсені жеке-жеке көреді. Сосын сол бөлшектерден жалпы көріністі құрайды. Ал ер адамдар жалпы көріністі бірден көреді. Бір жақсы ойын бар. Сіздің жарыңыз бірдеңе істеп беруіңізді өтінсе, мысалы, көйлегін сұраса немесе шәй дайындап беруіңізді өтінсе, оған былай деп айтыңыз: «Мен үшін аса маңызды үш сөзді айтшы, мен саған көйлегің қайда екенін айтамын?» немесе «Мені еркелетіп 5 сөз айтшы, сол кезде ғана саған әлемдегі ең керемет шәйді дайындап беремін».

Ер адамды үнемі сізге осындай сөздер айтып тұруға үйрету керек. Кейін ол өзі де осы сөздерді қолдана отырып, көңіліңізді табуға тырысады.

№ 7 қателік: Өз сұлулығыңызды бағаламайсыз

Неліктен әйел адам көшеге шығар алдында сағаттап айнаның алдынан шықпай, бейтаныс адамдар үшін әдемі көрінгісі келеді де, үйде өзінің жары үшін, әдемі көрінуге тырыспайды? Себебі, әйел адам үшін елдің пікірі маңызды. Ал өзінің күйеуі ешқайда қашпайды, ол қасында.

Оған өзінің күйеуінің бірдеңе деп, мақтағанынан гөрі, бөтен адамның оның күйеуіне «Әйелің не деген сұлу» деп айтқаны маңыздырақ.

Бұны дұрыс деп айтуға келмейді. Сондықтан бұл пікірден арылу керек. Меніңше, әйел адам өмірінің соңына дейін әдемі болып жүруі керек. Жасы қаншада, қандай жұмыс істейтініне, қай жерде жүргеніне қарамастан, өз-өзіне күтім жасауды ұмытпаған жөн.

Тағы да оқи алатыныңыз:

Бала көтеруге көмектесетін тиімді позалар (+18)

Оргазм жоқ болған жағдайда не істеу керек

Төсек қатынасынан ләззат алудың жеті тәсілі

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсу қаншалықты дұрыс

Жыныстық қатынас ережесі: Еріңіз тек сізді ғана қалау үшін не істеу керек?

Босанғаннан кейінгі төсек қатынасында туындайтын мәселелер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1130011-ayelderdinh-99-y-zhiberetin-zheti-qatelik/

pixel