RU

Ғалымдар 2029 жылға қарай адам өмірін ұзарта алады

«Google» корпорациясының техникалық директоры, әйгілі өнертапқыш Рэй Курцвейл 2029 жылға қарай ғалымдар адам өмірін ұзарта алатын дәрежеге көтерілетінін мәлімдеді.

Ол кезде адамдардың орташа өмір сүру жасы да ұзаратын көрінеді деп жазады Массагет.

"Біз қатерлік ісік ауруын емдеудің жолын табуға жақындап келеміз. Қазіргі таңда ғалымдар иммундық жүйеде онкологиялық ауруларға қарсы күресетін «MUS81» ферментінің қызметі мен емделуін зерттеуде. Осы арқылы жақында қатерлік ісік ауруын емдеу жолы табылатын болады. Нәтижесінде адамдардың өмір сүру жасы да ұзарады", - деді белгілі футуролог.

Рэй Курцвэйлдің айтуы бойынша, жаңа технологиялардың дамуы алдағы 15 жылда өз нәтижесін беретін көрінеді. Ол кезде ғалымдар мен дәрігерлер табиғат заңдылығына бағынбай-ақ адамдардың өмір сүру уақытын ұзарта алатын мүмкіндікке ие болатын көрінеді.

Тағы да оқыңыздар:

Ұйқының бұзылуы есте сақтау қабілетін төмендетеді

Ұялы телефонды оятқыш ретінде пайдалану жүйкеге зиян

Англиялық бойжеткен тойының алдында 72 келі салмақ тастады (фото)

ВИЧ дерті шалғай ауылдарға да жетті

Үндістандық кейуана 70 жасында тұңғыш сәбиін өмірге әкелді

АҚШ-та су қараңғы науқастың көзі күтпеген жерден көріп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1130119-ghalymdar-2029-zhylgha-qaray-adam-omirin-uza.html