RU

Жазира Байырбекова халықтың несібесінен жағдайын жасап отырған дөкейлерге "қызықты"

Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира Instagram парақшасында халықтың несібесінен жағдайын жасап отырған дөкейлерге "қызығатынын" айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Біреуге 100 теңге қарыз болсақ ұйықтай алмаймыз. Ал мемлекеттің, халықтың атынан қарыз алып жеке бастарының жағдайын жасап, отырған дөкейлердің жүректерінің мықтылығына қызығамын. Шындықты айтатындар бірден жабылып жатыр. Елімнің болашағына қатты алыңдаймын. "Саясатқа араласпа"дейді. Бірақ мен халықтың бірімін. Халыққа ой айтуға рұқсат шығар", - деген әнші астарлы ой тастайды.

Аталған хабарламаға пікір білдірушілер өте белсенділік танытуда. Парақша оқырмандары өз ойларын ашық жеткізуде. Бірі «Жазира, мен сізге қосыламын. Қолдаймын» десе, енді бірі «Жазира, үндеме...» деген сияқты ескертулер жасауда.

Тағы оқыңыздар:

Айдана Меденова тез тұрмысқа шыққанының себебін айтты (видео)

Талай жұлдызды сырласуға тартқан Әйгерім Сейфолланың өзі халыққа сырын жайып салды

Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рөлді әйелі сомдамайтын болды

Ділназ Ахмадиева Әли Оқаповты шалға теңеді

Америкалық әнші сахнада ән айтып тұрып құлап кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1130702-zhazira-bayyrbekova-khalyqtynh-nesibes.html