RU
Қазақстандағы екі жүзге жуық отбасы Сирияға соғысуға кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандағы екі жүзге жуық отбасы Сирияға соғысуға кеткен

Рассказать Вконтакте

Қазақстаннан түрлі діни ағымның жетегімен Сирияға аттаған отбасылар саны екі жүзге жуықтайды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстандағы екі жүзге жуық отбасы Сирияға соғысуға кеткен

Сириядағы қазақстандықтар. Фото: azattyq.org

Бұл туралы президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин өз дәрісінде айтып өтті.

Бүгінде әлемде лаңкестік оқиғалардың жиі орын алатыны белгілі. Азия елдерінде жиі тіркелетін оқиғалар бүгінде мыңдап саналады. Түрлі діни ұйымдардың арбауымен шекара асып, Сирияда соғысып жүргендер деп өте көп.

«Қазіргі таңда Қазақстаннан Сирияға аттанғандар отбасылар саны 200-ге жуықтайды. Салыстырмалы түрде көршілес Қырғызстаннан кеткен отбасылар саны бес жүздің маңайында. Ал Тәжікстаннан аттанған отбасылар саны мыңнан асып отыр. Бұл ең басты өзекті мәселенің бірі», - дейді Ерлан Қарин.

Сирияда ИГИЛ-дің құрамына кіргенде содырларды үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олардің біріншісі тобы проблемалық жағдайымен діни ұйымдардың арбауына түскендер. Солардан қолдау көріп, ақыр соңында шекара асып кетіп отыр.

Одан кейін дін ұстанғандардың алданып қалуы кіреді. Оларға насихат діни насихат жүргізетіндер Сириядағы соғысқа ислам үшін қатысуға үгіттейді-мыс. Қалғандары діни фанатизмнің жетегімен соғысқа кеткендер болып саналады.

«Сирияда соғысып жүргендердің бір тобы араб елдерінен келгендер болса, екінші легі Еуропадан келгендер. Сондай-ақ, посткеңестік елдерден келіп соғысып жүргендер саны бес мыңның маңайында болып отыр. Бүгінде әлемдегі ең күшті діни ұйым ретінде ИГИЛ-ды атауға болады. Қазір олар Сирияның басым бөлігін өз уыстарында ұстауда. Жасақтарының қатарына тартылғандардың ішінде тайландтықтар, тіпті Жапония мен Кореядан барғандар да кездескен», - дейді Ерлан Қарин.

Тағы да оқыңыздар:

Қарағанды облысында қоқыс жәшігінен жаңа туылған нәресте табылды (фото)

Атыраулық имамдар Алладан елді әбігерге салған нөсерді тоқтатуды сұрап, дұға оқыды (фото, видео)

Қазақстанға оралған Қанат Ислам ұлының тұсауын Алматы әуежайында кесті

ОҚО-да таксиге мінгеннен кейін жоғалып кеткен студент қызды көрген куәгер табылды

Оралда жыныс мүшесін балаларға көрсетпек болған азғын ұсталды

Дінтанушылар қазақ жігіттерінің арасында гейлердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
51
39
3
7
0
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel