RU
ШҚО-да оқушы қызды өлтірген қаскөй кейін де екі қызды буындырып өлтірмек болған
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да оқушы қызды өлтірген қаскөй кейін де екі қызды буындырып өлтірмек болған

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстанда 14 жасар Айым Ұлтомбаева іргелес көршісі өлтіргені анықталды деп хабарлайды КТК арнасы.

ШҚО-да оқушы қызды өлтірген қаскөй кейін де екі қызды буындырып өлтірмек болған

Айым Ұлтомбаева

25 жастағы қаскөй кейін де екі қызды буындырып өлтірмек болыпты. Онысы әшкереленіп, тіпті бес жылға сотталып та кеткен. Ал қаршадай қызды ажал құштырғанын сол түрмеде жатып мойындаған.

Былтыр қыркүйек айында түн жарымда із-түзсіз жоғалған Айым Ұлтомбаеваның мүрдесі сегіз айдан кейін табылған. Оны өзін тұрған үйден 200 метр жерде үйілген қоқстың арасынан темір термекші болған көршісі көрген. 14 жастағы қыз бала шөппен ғана бастырылғандықтан қолы жер бетіне шығып қалған.

Осыған дейін іздеу жұмыстарына жұмылдырылған 500 белсенді төңіректі талай мәрте тінтіп көрген. Тіпті, олар қолдарына күрек алып төгілген қалдықтардың бірін қалдырмай қопарыпты. Сондықтан Айымды өлтірген адам оның мәйітін жуырда ғана сол жерге әкеп көмген сыңайлы.

"Шөптің арасынан бірінші қолы шықты. Базарда тұратын манекен шығар деп ойладым. Жақындап қарағанда аяғы да шығып жатыр. Осы кезде өзіміз іздеген қыз екенін білдім", - дейді Шар қаласының тұрғыны Евгений Елизаров.

Ал қаршадай қызды өлтірді деген күдікті алты ай бұрын қамауға алынған. Бірақ Шар қаласының 25 жастағы тұрғыны бұл қылмысы үшін емес, одан өзге екі қызды қылқындырып өлтірмек болғаны үшін бес жылға сотталып та кетіпті.

Зимхан Ибрайымова қызын қара жердің қойнына өткен сенбі күні табыстапты. Ал іргелес көршісі болған қылмыскер Айымды көппен бірге іздеу жұмыстарына да қатысқан екен.

Қазір абақтыда отырған қаскүнемге Айымның өлімі бойынша қосымша айып тағылып, тергеу жүріп жатыр. Ал оның 14 жасар жеткіншекті өлтіргенін өзі мойындады ма, әлде айғақтардың көмегімен қылмысқа қатысы бары дәлелденді ма, ол туралы құзырлы орындар ақпарат бермей отыр. Егжей-тегжейі тек соттан кейін айтылмақ.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Жерге жаны ашығандардың бәрі өз сөзін айтсын

Назарбаев әкімдерге жер реформасын белсенді түрде түсіндіруді тапсырды

Назарбаев: Әлем алдында ұятқа қалып жүрмейік

Қазақстандағы екі жүзге жуық отбасы Сирияға соғысуға кеткен

Қаражаттан қысылған қазақ қыздары "қалталы спонсор" іздеуге кірісті

Діни басқарма қажылықты құдды демалысқа барғандай сезінетіндерді сабырға шақырды

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
36
5
6
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel