Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббатты тез табудың жолдары

Опубликовано:

Ғаламат сезімді бастан қайта кешіргіңіз келе ме? Онда мынандай қарапайым кеңестерді іске асырыңыз деп жазады comode.kz.

Ғашық болғым келеді!

Қыстың суық күндері қасыңызда сүйіктіңіздің болып, жаураған қолдарыңызды жылытқан мейірімді жүрегінен артық не керек? Ал қол ұстасып кетіп бара жатқан ғашықтардың сыртынан қарап, өзіңіздің жалғыз екеніңізді түсініп, көңіліңіңіз түседі. Бірақ басқаларға қызғаныш көзімен қарамаңыз. Керсінше, мұндай жұптар үшін шын жүректен қуана біліңіз.

Осы арқылы сіз жаңа қарым-қатынасқа жол ашасыз. "Жолы болған" осындай адамдардың артынан күлімдеп қарау арқылы (қызғанып емес), олардың бойындағы жағымды энергиядан қуат алып, бақытыңызды табасыз.

Асықпаңыз

Өзіңізге жұп табамын деп асығыс шешім қабылдамаңыз. Шынымен қандай адамды қалайсыз, сол туралы ұмытпаңыз.

Өзіңізді үлкен сыйлық ретінде бағалаңыз. Айна алдына тұрып өз бейнеңізге тамсана көз салыңыз. Міне, осындай көңіл-күймен жұбыңызды кездестіруге деген мүмкіндігіңіз көп болады.

Ерекшелігіңізді айқындаңыз

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жігіттер қыз бойынан, ең алдымен, сұлулықты бағалайды екен. Екінші орында – мейірімділік, үшіншісі – ақыл.

Келбетіңіз мінсіз емес деп ойлайсыз ба? Бақытыңызға орай, сұлулықты әр жігіт әртүрлі қабылдайды екен. Тіпті, ерекше түрді де ұнатушы жігіт болады. Демек, сырт келбет маңызды болса, сұлу болып жүруге тырысыңыз.

Ескі реніш жойылсын

Өткен шақтағы жағымсыз естеліктер жаңа қарым-қатынасқа кедергі келтіре ме? Жігіттерге деген сын көбейді ме?

"Тазарту жұмысын" жүргізу керек. Үнемі мазалайтын ойлар мен мұңаюды қоқыс жәшігіне лақтыру қажет. Йога немесе медитациямен айналысыңыз. Жан дүниеңізге үңіле біліңіз.

Оған ой салыңыз

Өзіңізге жағымды бейтаныс жігітпен бейтарап тақырыпта сөйлесуге қорықпаңыз. Жол көрсетуді сұрау арқылы даусыңыздың қандай әдемі екендігін көрсете аласыз.

Жоқ, бірінші өзі қасыма келсін! Бұл да жақсы нұсқа. Бірақ, біреу қатты ұнаса, жылдамдық қосқан артық етпейді. Ал егер ол ешқандай көңіл бөлмесе, өзіңізді жазғырмаңыз.

Өзіңізді ғашық болғандай көрсетіңіз

Британдық психолог Ричард Вайзманның зерттеуі бойынша ғашық болу үшін, ең алдымен адам өзін ғашық болғандай ұстауы қажет екен. Өзіңізді әлдеқашан ғашық болған кейіпте ұстау арқылы шынымен де жаңа сезімге бой алдырады екенсіз.

Күту үстінде ғажайып күйді еске түсіруге тырысыңыз. Ұнататын жігітіңіз бар ма? Сіздің күлімдеген көздеріңізді көріп, ол осы күйді басынан кешіргісі келері анық.

Қолыңызды тигізіңіз

Кездескен сәтте жігіттің иығына қолыңыздың "кездейсоқ" тиіп кетуі сиқырлы әсерге ие.

Кері әсер бар! Әрине, сіз оған жұмбақ белгі бердіңіз. Қызықтыра отырып, оған ишара білдірдіңіз. Мүмкін, ол қате түсінген болар? Туфлимен ойнау немесе иықтың жартылай ғана ашық тұру белгілері мақсатына жетіп, оның қиялдауына ерік береді.

Тағы қателік жасамаңыз

Қарапайым ғана мысал: кездесу кезінде қобалжып, аққайнардың бірнеше бокалын босатып үлгердіңіз. Осылай жиі орынсыз күле беретін, ақылсыз қызға айналып шыға келесіз.

Ерлердің пікірінше, мұндай қызды төсекке апару оңай болады. Ал жігіттер алғашқы кездесуде төсек қатынасына баруға қарсы емес. Бірақ, қызды шынымен ұнатса, сыйласа "жоқ" деген жауапқа ренжімейді.

Шынымен дайынсыз ба?

Ғаламтор желісіндегі мәліметтер бойынша, жігіттер үшін қыздың махаббат қарым-қатынасына қаншалықты дайын екендігі тансу кезінде маңызды екен.

Өзіңізбен де, жігітпен де шынайы болыңыз. Алғашында қыз сөйлесуді қалайтынын айтып, кейін кездесуге уақыт таба алмаса, жағымсыз пікір қалыптастырады. Күдік пайда болады. "Өзі не қалайтынын біле ме екен?" деген заңды сұрақ туындайды.

Кеңес: оны ұзақ ашуландырмауға тырысыңыз. Ол өзін алданған ақымақ жігіт ретінде сезінеді.

Тағы да оқыңыздар:

Енеңізден күйеуіңізді қызғанбаудың әдіс-тәсілдері

Дене пішініне қарай жыныстық позаны таңдау (+18)

Әйелдердің 99%-ы жіберетін жеті қателік

Секспен дәл қазір айналысу үшін 10 себеп

Алматылық келіншек отбасы қаржысын үнемдеудің сырын ашты

Жыныстық қатынас қаншалықты жиі болуы керек?

Ислам дініне сәйкес баланы қалай тәрбиелеу керек?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1133275-makhabbatty-tez-tabudynh-zholdary/

pixel