Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытты отбасының он құпиясы

Опубликовано:

Шаңырақ көтергенде барлық адам бақытты өмір сүруді мақсат тұтады. Алайда, күйбең тірліктің көп мәселесі отбасы беріктігін тексеріп көргісі келетіндей деп жазады comode.kz.

Жер бетінде қиындық пен қатаң сындарға кезікпеген бір де бір отбасы жоқ десе де болады. Барлық өмірдің сындарына отбасының негізгі екі қозғаушы күші - отанасы мен отағасы төтеп беруі тиіс.

Осы орайда бақытты отбасының он құпиясымен таныс болыңыз:

1. Ерлі-зайыптылар бірін бірі бағалауы тиіс. Бар ықыласыңызды оның жақсы қасиеттеріне бөліңіз. Екі жанның сезімталдық жақындығы пікір қайшылығын да жеңе алады. Үйдегі екеуара жылулықтың жоқтығы майда-шүйде кемшіліктердің көрінуіне әсер етеді. Мұндай жағдайға аса қатты мән беру керек;

2. Сенім. Отбасылық өмір басталғанда, ең алдымен ақ жаулықты мен тізгін ұстар арасындағы мызғымас сенім болуы шарт. Сенімсіздік салдары күдіктену, ұрысу, жанжалдасу сияқты кері эмоцияларды туғызады. Ал бұл келеңсіздікті дереу қолға алмаса, соңы ажырасуға алып келуі мүмкін;

3. Жақын араласып, пікірлесу қажет. Жақсы қарым-қатынастың қас жауы - енжарлық. Немқұрайлылық салдарынан жұбайлар бірін-бірі тыңдамай, сезінбей дауласа алады. Сондықтан, пікірлесу арқылы бірін-бірі толғандырып, мазалап жүрген жайттардан хабар алып отырған дұрыс;

4. Ортақ қызығушылық. Қызығушылықтың екі адамға ортақ болуы рухани тұрғыда жақындата түседі. Егер зайыбыңыздың ісінің бірі де қызықтырмаса, екі жанға да ортақ бола алатын себептерді іздеген абзал. Әрине, бұл тек жұптың уақыттары үнемі бірге өтуі тиіс дегенді білдірмейді;

5. Қамқорлық пен мұқияттылық. Кез-келген отбасына және оның мүшелеріне жан жылуы мен махаббат қажет екені сөзсіз. Салқындық пен өшпенділік отбасын күйретіп тынатын кереғар әрекеттер болып табылады. Сондықтан, адамдар бірін бірі аялап, қамқорлық танытып, бірінің тағдырына бірі аса мұқияттылықпен қарауы тиіс;

6. Қарым-қатынас арасындағы романтика. Біз жанымызға жақын санайтын адамды қуантқымыз келеді, оның мейірімінің үстем болуы туралы қиялдарға берілеміз. Мұның өзі романтикалық элементтер болып табылады. Шындығында романтикадан үркудің қажеті жоқ. Ажырасқан жұптардың арасында романтиканың жоқтығын мысалға келтіретіндер тым көп екен. Күтпеген жерден романтикалық кешке шақырып, гүл ұсыну отбасы беріктігін орната түсетін себептердің біріне жатады;

7. Отбасылық міндеттерді бөлісу. Әрбір адам отбасын құру алдында жанұялы болған кездегі міндеттері туралы ойланатыны белгілі. Сондықтан, жаңа өмір бастар алдында бірден міндеттерді бөлісіп алған жақсы. Үйдегі ыдысты кім жуып, қомақты қаржыны кімнің үйге әкелетіні маңызды емес. Маңыздысы - қай жұмыста екі жанның нәтижелі жұмыс атқара алатындығы;

8. Өзге шаңырақтың ерлі-зайыптыларын өздеріңізбен салыстырмаңыздар. Өзгелердің қаржылық, тұрмыстық жағдайын салыстыру - отбасына ор қазғанмен бірдей. Әр адам әу баста өзі идеал санаған жанды өмірлік серік етуге бел буады. Әуелгі таңдауға нұқсан келтіруге бола ма екен?

9. Мүсініңізді қалыпта ұстаңыз. Белсенді өмір сүріңіз, денсаулығыңыз бен дене бітіміңізге мән беріңіз. Сізді көрген жанның көзі тоятындығы жұбайыңызға ғана емес, өзіңізге де жақсы көңіл күй сыйлайды;

10. Күйзелістен арылуға күш салыңыз. Жамандық тек қана жамандықты шақырады. Сондықтан, шыдамдылық танытып, сабырға келіп отыруды әдетке айналдырған жөн. Себебі, күйзелістің тізгінін босатып жіберсеңіз отбасылық өмірде ретсіздік орын алады.

Тағы да оқыңыздар:

Махаббатты тез табудың жолдары

Енеңізден күйеуіңізді қызғанбаудың әдіс-тәсілдері

Дене пішініне қарай жыныстық позаны таңдау (+18)

Әйелдердің 99%-ы жіберетін жеті қателік

Секспен дәл қазір айналысу үшін 10 себеп

Алматылық келіншек отбасы қаржысын үнемдеудің сырын ашты

Жыныстық қатынас қаншалықты жиі болуы керек?

Ислам дініне сәйкес баланы қалай тәрбиелеу керек?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1133323-baqytty-otbasynynh-qupiyasy/

pixel