Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынас кезіндегі тазалық

Опубликовано:

Жыныстық қатынас кезіндегі тазалыққа қатысты мамандардың кеңестерін neke.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Көп жағдайларда мамандардың кеңесіне жүгінуге мәжбүр боламыз, тіпті кейбір сәттерде өз бетімізше жасаймыз. Жаңа отау құрған жас отбасына ата-аналары өз кеңестерін беріп жатады, ол кеңестер күнделікті атқарылатын істерге байланысты. Ал жұбайлық өмірде яғни төсек қатынасына байланысты кеңестерді сол саланың мамандарының кеңесіне жүгіну жас жұбайларға өте қажет. Сонымен мамандардың кеңестеріне көз жүгіртіңіз.

Мүмкіндіктер болса ерлі-зайыптылар төсек қимылы алдында тамақтанып, суға түсіп және аздап демалып алғандары жөн. Бұл жағдайлар орындалатын мүмкіндіктер болмаса, жыныс мүшелерін жуып тазалағандары жөн.

Мамандардың айтуы бойынша, мұндай тазалық ерге де әйелге де бірдей керек. Сүйіспеншілікті қоздыру жағынан ғана емес, түрлі аурулардан сақтайды. Әйелдердің түрлі ауруларға шалдығуына тазаланбай жүретін еркектер кінәлі болып келеді.

Әйелдердің өздеріне тән циклдік күндерінде күйеуімен қосылуына болмайды. Әйелдің жыныс қатынасы кезінде жыныс мүшелшері қанға толатындықтан көп қан жоғалтуға әкеп соқтырады. Инфекцияның түсуі қаупі жоғары. Түскен инфекция органдардың қабынуына және ауруға шалдықтыруы мүмкін.

Тағы бір айта кететіні, етеккірі келіп жүрген әйелден жағымсыз иіс шығып тұрады, бір-бірінен жиіркенуге алып келуі де мүмкін. Сол себепті нәзік жандыларға тазалыққа өте қатты мән берген жөн.

Әр жыныстық қарым-қатынас кезде міндетті түрде жуынып, таза киім киюге тырысыңыз. Әр апта сайын көрпе тысын жаңартып отырған дұрыс. Жыныстық қатынастан кейін, терезені ашып бөлменің ауасын тазартып алған абзал.

Тағы да оқыңыздар:

Арықтауға арналған сусындар

Жыныстық қатынас туралы қызықты жайттар

Алғашқы секс немесе қыздықпен қоштасу (+18)

Сүйісу туралы қызықты деректер

Күйеуіңізді қайта қызықтыру үшін не істеу керек? (+18)

Ислами негізде ерлі-зайыптының төсек қатынасы (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1139240-zhynystyq-qatynas-kezindegi-tazalyq/

pixel