Выйти
RU

Оңтүстікте тасбақаның сорпасын ішпек болғандардың жолы кесілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Контрабандалық жолмен шетел асырылмақ болған 7 мың ортаазиялық дала тасбақасы Оңтүстік Қазақстан аумағына жіберілді. Бауырымен жорғалаушыларды Ресейге алып өткісі келгендер шекарада ұсталған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Әдетте еуропалықтар осы жәндіктердің сорпасына құмар. Енді асқазанға түсе жаздаған олар Арыс даласында мекен ететін болды.

Үлкен жүк көлігімен әкелінген тасбақаларды еріктілер мен табиғат қорғаушылары абайлап түсіріп жатыр. Ондаған жылдар өмір сүрген кәрісі бар, жуырда ғана жұмыртқа жарып шыққаны бар жалпы саны 7 мың жәндік.

Сауыттарына әуелі қызыл бояумен ен салынып, одан соң арнайы кітапқа тіркелді. Сөйтіп қана бостандыққа жіберіліп жатыр. Бұл белгі біріншіден тасбақаға контрабандашылардың қайта ықыласы түспеуі үшін басылды. Екіншіден олардың арғы тіршілігін бақылап отыру үшін де қажет. Бір айдан кейін мамандар тасбақалардың жаңа ортаға қалай бейімделгенін тексеру үшін тағы келеді.

"Тасымалдау жақсы болғандықтан бірде-бір тасбақа өлген жоқ. Бәрі аман. Ауа-райы да өте қолайлы, ол енді дала тасбақасының биологиясына сәйкес қазіргі маусымда қолайлы болып тұр", - дейді  ОҚО орман және аң шаруашылғы аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Болат Құдайбергенов.

Тағы оқыңыз:

Павлодар тұрғыны қасақана есірткі салғаны үшін министрліктен бір млн теңге өндіріп алды

Павлодарда көліктен аяғын шығарған бойжеткен көңіл көтергісі келгенін айтты

Қазақты қырған қуғын-сүргін мен аштық себебін зерттеу үшін енді шетел ғалымдары араласады

ОҚО-да қораз төбелестіруді кәсіпке айналдырған жігіт қолға түсті

Алматыда академик Ақанов дүниеден озды

Алматыда екі адамды қағып, денелерін бөлшектеп тастаған жүргізуші жеңіл жазамен құтылды

ОҚО-дағы балалар үйіне барған Бейбіт Атамқұловтың көңіл-күйі түсіп кетті

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстікте тасбақаның сорпасын ішпек болғандардың жолы кесілді