Выйти
RU

Қазақстанда үйді өзгерту кезінде қойылатын талаптар жұмсартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру үдерісіне айтарлықтай өзгеріс енгізілді. Бұл туралы "Крышаға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Енді тұрғын үй тексерілгеннен кейін мамандар кеңсеге барып, өзгерістер енгізілген үйдің нобайын қолмен сызып отырмайды. Тек арнайы планшеттерден мәліметтерді жолдай салады. Бұл туралы «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясында мәлімдеді.

"Жаңа технологияларды енгізу техпаспортты дайындау мерзімін қысқартады. Өзгертулер үдерістің ұзақтығын қысқартып қана қоймай, жылжымайтын мүлікті рәсімдеуді және оның пайдалануға берілуін жеңілірек етеді", — дейді мемлекеттік корпорация филиалының директоры Бақыт Әбішев.

Бұған дейін техникалық тексеріс тек үйді таза өңдеуден өткізгеннен кейін ғана жүргізілетін. Ал бүгінде тексерісті алғашқы өңдеу кезінде де жүргізуге рұқсат. Қабырғаларды өзгерту талаптары да жеңілдеді.

"Егер бұған дейін қалыңдығы 5 см-дан аспайтын ішкі қабырғаларды өзгерту кезінде құзырлы органның рұқсаты қажет болған болса, бүгінде тек капиталды қалқа қабырғаларды өзгерту кезінде арнайы рұқсат талап етіледі", - дейді Әбішев.

Тағы оқыңыз:

Оңтүстікте тасбақаның сорпасын ішпек болғандардың жолы кесілді

Павлодар тұрғыны қасақана есірткі салғаны үшін министрліктен бір млн теңге өндіріп алды

Павлодарда көліктен аяғын шығарған бойжеткен көңіл көтергісі келгенін айтты

Қазақты қырған қуғын-сүргін мен аштық себебін зерттеу үшін енді шетел ғалымдары араласады

ОҚО-да қораз төбелестіруді кәсіпке айналдырған жігіт қолға түсті

Алматыда академик Ақанов дүниеден озды

Алматыда екі адамды қағып, денелерін бөлшектеп тастаған жүргізуші жеңіл жазамен құтылды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда үйді өзгерту кезінде қойылатын талаптар жұмсартылды