Выйти
RU

Таяу Шығыста соғысып жүрген қазақстандықтардың саны 400-ге жеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Терроризмге қарсы қару алып күресу жеткіліксіз, радикализм, экстремизм сияқты қауіп-қатерге төтеп берудің өзге де жолдарын іздеу керек. Осындай тұжырымға келген әлемдік дінбасылары бүгін Астанада бас қосып жатыр.

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Қазіргі уақытта әлемді толғандырып отырған лаңкестік əрекеттер мен діни радикализм мәселесі елімізді де шет айналып өтпесі анық. Бəзбіреулердің теріс ықпалына түсіп, Сирияға барып жатқан отандастарымыздың бүгінгі жайы баршамызды алаңдатып отыр.

Сенат депутаты Жабал Ерғалиевтің Қазақстанның арнайы қызмет органдарының мәліметіне сүйенген дерегі бойынша, Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстарға елімізден аттанған азаматтардың саны 400-ге жеткен. Ең сорақысы, оның 250-і – әйелдер мен балалар.

Бүгінгі басқосуда осындай олқылықтардың алдын алу тетіктері жан-жақты талқыланып жатыр.  Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев конференция қатысушыларына елбасының үндеуін оқып берді.

Онда президент «Терроризм бай-кедей деп бөлмейді. Оның шекарасы болмайды. Өкінішке қарай, оны жеңудің кілті əзірге табылған жоқ. Бұл қатермен баршамыз жұмылып күресуіміз керек» деп атап өткен.

Айта кетейік, басқосу Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында ұсынған халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларын іске асыру мақсатында өтіп жатыр.

Ауқымды шараға əлемнің 41 елінен 60-тан астам делегат қатысып отыр. Олардың арасында парламентшілер, діни қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары мен сарапшылар бар.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда үйді өзгерту кезінде қойылатын талаптар жұмсартылды

Оңтүстікте тасбақаның сорпасын ішпек болғандардың жолы кесілді

Павлодар тұрғыны қасақана есірткі салғаны үшін министрліктен бір млн теңге өндіріп алды

Павлодарда көліктен аяғын шығарған бойжеткен көңіл көтергісі келгенін айтты

Қазақты қырған қуғын-сүргін мен аштық себебін зерттеу үшін енді шетел ғалымдары араласады

ОҚО-да қораз төбелестіруді кәсіпке айналдырған жігіт қолға түсті

Алматыда академик Ақанов дүниеден озды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таяу Шығыста соғысып жүрген қазақстандықтардың саны 400-ге жеткен