RU

Жүрсін Ерман: Балғынбек бастаған әсіре діншілдер айтыстан кетіп жатыр (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақындар айтысының ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман айтыстан кетіп жатқан кейбір ақындардың әрекетін әсіредіншілдікпен байланыстырады.

Ол бұл ойын «Алматы» арнасындағы «Өткір тіл» бағдарламасында айтты.

«Айтыскер ақындар аспаннан түскен жоқ. Олар да осы қоғамның мүшесі. Қазақ қоғамы қандай болса, айтыскерлер де сондай. Мысалы, қазақ қоғамының дінге бет бұрғанығына біраз болып қалды. Солардың ішінде әсіре діншілдер де, өтірік дінді насихаттап жүргендер де, өзінің намаз оқитындығын насихаттау арқылы арзан ұпай жинап жүргендер де толып жатыр. Біздің айтыскерлердің арасында бірең-сараң болса да солай жүргендер бар. Дінге шырмалып қалды ма, айтыстан кетіп жатқандары да бар. Балғынбек бастағандар. Көз көріп отырып, оны не үшін жасырамыз? Тілін байлайтын болу керек. Басқа сылтау жоқ. Мен Балғынбекті жақсы көремін. Аса талантты ақындарымыздың бірі, осы айтысты биікке көтерген санаулы тұлғалардың бірі. Бірақ түсінбеймін оның әрекетін. Әсіре діншілдік айтыстағы ақындардың тілін байлайды екен. Жастардың санасы әлсіз ғой. Солар шырматылып қалды», - дейді айтыс жанашыры.

Тағы оқыңыз:

Алматылықтар президентті қорғап митингке шықты

Бас мүфти кәсіпкерлерден Рамазан айында арақ-шарап сатпауын өтінді

Шымкент әкімі түлектерді ҰБТ қорытындысынан трагедия жасамауға шақырды

Таяу Шығыста соғысып жүрген қазақстандықтардың саны 400-ге жеткен

Қазақстанда үйді өзгерту кезінде қойылатын талаптар жұмсартылды

Оңтүстікте тасбақаның сорпасын ішпек болғандардың жолы кесілді

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жүрсін Ерман: Балғынбек бастаған әсіре діншілдер айтыстан кетіп жатыр (видео)
Mailfire view pixel