RU

Қазақстанда аукционға шығарылған кен орындарын сатып алу үшін бірде-бір қалталы азмат өтініш бермеген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Инвестициялар және даму министрі 16 маусымда пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық аукциондағы сатылымға шығара алмайтын мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы порталы.

Өткен жылы ел үкіметі бірқатар пайдалы қазбалардың кен орындарын аукцион арқылы сату туралы шешім қабылдағаны белгілі. Содан сатылымға қойылатын орындардың тізімі жасалып, аукционға шығарылды. Осы күнге дейін аукционға қойылған 100 учаскенің 49-ы иесін тапты деген ақпарат та тараған еді. Алайда, үкіметтің бұл бастамасы баянсыз бастама болып отыр. Сәуір айында жарияланған осындай бір аукцион сатып алатын әлеуетті инвестордың табылмауына байланысты тоқтатылған еді. Енді Инвестициялар және даму жөніндегі министрлік 16 маусымға жоспарланған тағы бір аукционды өткізбейтін болып отыр.

Бұған дейін өткен аукциондар ағылшын әдісімен, ең көп баға ұсынған қатысушыға беріліп келді. Мәселен, Қарағандыдағы Мыстөбе алтын кені орны 991 мың теңгелік бағамен басталған аукционда 240 миллион теңгеге сатылған. Ресми ақпарат көздері сол жолғы аукционда бюджетке бір жарым миллиард теңге қаражат түскенін айтады.

Осындай нәтиже маусымдағы аукционнан да күтілген көрінеді. Өйткені, ол аукционға да Ақмола облысындағы «Комсомол учаскесі» алтын кені орны (бастапқы бағасы 9 436 мың теңге), СҚО-дағы Қаратал алмаз кен орны (бастапқы бағасы 600 мың теңге) сынды бай кен орындары қойылған болатын. Бірақ, осыған қарамастан ешбір компания мен қалталы азамат бұл кен орындарын сатып алу жөніндегі ауцкионға өтініш бермеген. Мамандар мұны салалық министрліктің жұмысындағы әлі де шешілмеген шикіліктермен байланыстырады. Олай дейтініміз, аукционға қойылатын 101 нысанның 88-іне әлі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажет көрінеді. Яғни, оны сатып алушы геологиялық зерттеу жұмыстарынсыз қандай пайда табатынын алдын ала нақты есептеу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да, мұндай күмәнді жобаға ақша салудан тартынады. Оның үстіне, геологиялық барлау жұмыстарының да шығыны аз емес.

Ұзақ мерзімді мұндай жобаларға қаржы құюға шетелдік инвесторлардың да асығатын түрі көрінбейді. Аукцион өтіп, жеңімпаз анықталуы үшін оған қойылған әрбір кен орнына кемінде екі қатысушы өтініш беру керек көрінеді. ИДМ басшысының орынбасары Альберт Рау ақпарат құралдарына маусымда өтуі тиіс аукционға шығарылатын учаскелерге тек бір ғана өтініштен түскенін хабарлапты.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да қораз төбелестіріп пайдаға батқан азамат ұсталды

Жүрсін Ерман: Балғынбек бастаған әсіре діншілдер айтыстан кетіп жатыр (видео)

Алматылықтар президентті қорғап митингке шықты

Бас мүфти кәсіпкерлерден Рамазан айында арақ-шарап сатпауын өтінді

Шымкент әкімі түлектерді ҰБТ қорытындысынан трагедия жасамауға шақырды

Таяу Шығыста соғысып жүрген қазақстандықтардың саны 400-ге жеткен

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда аукционға шығарылған кен орындарын сатып алу үшін бірде-бір қалталы азмат өтініш бермеген
Mailfire view pixel