Выйти
RU

«АрселорМиттал Теміртау» артық қызметкерлерін жұмыстан шығаратын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Парамжит Калон мекемедегі қызметкерлер саны көптігін мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат.

«Біз арнайы бағдарламаны іске қостық. Ол «Жұмыс күшін» стратегиялық жоспарлау деп аталады. Осы бағдарламаға сәйкес барлық жүйе үш санатқа бөлінді. Бірінші санат - бұл өндірістік үдеріске қатысты. Екінші санатқа барлық ілеспе қызметтер мен көрсетілетін қызметтер жатады. Үшінші санат - қызметкерлер», - деді Калон Теміртауда баспасөз конференциясында.

Оның пікірінше, «АрселорМиттал Теміртаудың» кадрлық жүйесі дұрыс құрылмаған.

«Егер құрылымды қарасақ, дұрыс ұйымдастырылмағанын байқауға болады, әлемдік құрылымға сәйкес бөлу мына үлгіде: 60 пайызы бірінші санат - өндірістік үдерістерге түседі, 30 пайыз - жабдықты өндеу және ұстау және 10 пайызы - қызметшілер, яғни қаржы, маркетинг қызметтері. Біздің комбинатта, бірінші санат 45-50%, екінші - 40% және 15-18% - басқа да қызметшілер», - деп түсіндірді компания басшысы.

Оның айтуынша, бағдарлама өндірістік секторды күшейтуге бағытталған.

«Қазір көп адамды өндірістік бағытқа тартуды көздеп, персоналды айқындап жатырмыз. Адамдарды арнайы дайындаймыз. Өздеріңіз білесіздер, көп адам өзгерістерді онша ұнатпайды. Дайын емес адамдарды қайда орналастыратынымызды қараймыз немесе жастарға, дайын адамдарға ауыстырамыз. Қазір осы бағдарламаны жүргізудеміз», - деді ол.

Тағы оқыңыз

Байбек ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатамын деп уәде берді

Отандық туристер Бурабайда демалу Дубайдан да қымбат екенін айтты

Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын қожанасырдың хатына теңеді

Астана мен Ақмола облысында -3 градус үсік күтіледі

Ақтөбе облысында ішімдікке тойып алған ер адам Шығанақ Берсиевтің ескерткішін қиратты

ОҚО-да қораз төбелестіріп пайдаға батқан азамат ұсталды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
«АрселорМиттал Теміртау» артық қызметкерлерін жұмыстан шығаратын болды