Выйти
RU

Алматыда «Инфинитидің» жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қасарысып отырып алды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушінің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты деп хабарлайды КТК арнасы.

Әлеуметтік желілерде қызу талқыланған бұл видео екі күн бұрын Алматы қаласында түсіріліпті. Онда қара түсті қымбат көлікті тақымдаған ер азамат жедел жәрдемнің алдын жауып, жол бермей қойған.

Қалалық №1-ші балалар ауруханасының алдында түсірілген таспада жедел жәрдем көлігінің қақпадан шыға алмай тұрғанын аңғаруға болады. Тіпті ақ халаттылар жүргізушіден жол сұрап жалынуға дейін барған. Алайда «Инфинитидің» жүргізушісі қасарысып отыр. Бірақ бұл кикілжіңнің немен аяқталғаны белгісіз. Себебі бейнекөрініс ортасынан үзіліп қалады.

Есесіне жағдайдың қалай болғанын қымбат көлік жүргізушісінің өзі айтып берді. Талғат Сақанов сол күні ауруханаға кішкентай қызының жағдайын білуге келген екен. Алайда күзетші ішке көлікпен кіруге рұқсат бермепті. Осы уақытта артымнан тағы екі көлік тұрып қалды. Сол себепті алдымда тұрған жедел жәрдем көлігіне жол беру мүмкін болмады дейді. Сондықтан түймедей нәрсені түйедей еткен ақ халаттылардың әрекетін түсінбей әлек.

Тағы оқыңыз:

«АрселорМиттал Теміртау» артық қызметкерлерін жұмыстан шығаратын болды

Байбек ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатамын деп уәде берді

Отандық туристер Бурабайда демалу Дубайдан да қымбат екенін айтты

Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын қожанасырдың хатына теңеді

Астана мен Ақмола облысында -3 градус үсік күтіледі

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда «Инфинитидің» жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қасарысып отырып алды  (видео)