Выйти
RU

Орал тұрғыны қызын құтқарып қалу үшін өз бүйрегін берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оралда хал үстінде жатқан Альбина есімді 17 жастағы бойжеткенге өз әкесі бүйрегін беріп, құтқарып қалды. Отбасы ота жасатқанға қаражат жинап берген қайырымды жандарға алғысын білдірді. Бұл туралы "Уральская неделяға"сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

6 сағат сайын диализ жасатумен күнін көріп, төрт қабырғаға қамалған қызының өмірін өзгерту үшін әкесі оған өз бүйрегін беруге бел буған. Алайда отбасы отаға ақша таба алмай қайырымды жандардан көмек сұраған болатын.

30 мамыр күні отбасы қайырымдылықтан жиналған қаражатқа Астанаға жол жүріп, ота жасатты. Ота сәтті өтті дейді бойжеткеннің әкесі Мырзағали Дүйсембаев.

"Мен бүйрегімді 30 мамырда қызыма салғыздым. Ота сәтті өтті. Бүгінде Альбина өздігінен тамақтана алады. Мен де әзірге емханада жатырмын. Жағдайым жаман емес. Бірнеше күннен кейін емханадан шығамын деп ойлаймын. Альбина емханада әлі екі аптадай жатады", - дейді Мырзағали.

Отбасы Астанада ота жасалғанша жүріп-тұрғанына көпшілік жинап берген қаражаттың жетіп жатқанын алға тартты.

"Ақша жеткілікті. Сол үшін біздің жағдайымызға бей-жай қарамай, көмек көрсеткен жандарға алғысымды айтамын. Ұшақ билеті мен Астанада тұруымызды қайырымды жандардың қаражатымен төлей алдық. Қызымды аман алып қалуыма көмектескендеріңіз үшін рақмет", - дейді қуанышын жасыра алмаған әке.

Еске салсақ, екі ай бұрын Дүйсембаевтар отбасы 17 жастағы Альбинаның отасын жасатқанға қаражат таппай, қиналып отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы оқыңыз:

Өскеменде қомақты қаржымен жоғалған студент Қарағанды облысынан табылды

Алматыда «Инфинитидің» жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қасарысып отырып алды (видео)

«АрселорМиттал Теміртау» артық қызметкерлерін жұмыстан шығаратын болды

Байбек ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатамын деп уәде берді

Отандық туристер Бурабайда демалу Дубайдан да қымбат екенін айтты

Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын қожанасырдың хатына теңеді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Орал тұрғыны қызын құтқарып қалу үшін өз бүйрегін берді