Выйти
RU

Өскеменде қомақты қаржымен жоғалған студент Қарағанды облысынан табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан-Америка университетінің студенті Ақжол Серікті полицейлер бір жарым ай іздеді. Жас жігіт Қарағанды маңындағы ауылдан табылды, деп хабарлады YK-news.kz-ке сілтеме жасап Қазақпарат.

Филология факультетінің 23 жастағы студенті ірі сомадағы қаржымен 14 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен. 13 сәуірде 180 мың ақшаны бастығына апару қажет-тін. Кешке ол телефонға жауап бермеген. Содан бері еріктілер Ақжолды іздеп, оның жоғалғаны туралы ақпарат таратты.

ШҚО ІІД-де оны өңірден іздеген. Ақжолды соңғы рет полицейлер Семейде видеобақылаулардың бірінен байқаған. Ол вокзал жақта жүрген.

«Полицейлер оның басқа өңірге кетуі мүмкін екенін болжап, полицейлер жан-жақты іздеу жұмыстарын жүргізді. Оны Қарағандыға жақын жерден аман-сау қалпында тапты. Жігіт үйіне жеткізілді», - деді департамент баспасөз қызметінің басшысы Б. Торғаев.

Ақжол Серіктің туыстары түсінік беруден бас тартты.

Тағы оқыңыз:

Алматыда «Инфинитидің» жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қасарысып отырып алды (видео)

«АрселорМиттал Теміртау» артық қызметкерлерін жұмыстан шығаратын болды

Байбек ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатамын деп уәде берді

Отандық туристер Бурабайда демалу Дубайдан да қымбат екенін айтты

Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын қожанасырдың хатына теңеді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскеменде қомақты қаржымен жоғалған студент Қарағанды облысынан табылды