RU

Шымкентте 37 жастағы педофил екі кішкентай қыз баланы зорламақ болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте 37 жастағы педофил екі кішкентай қыз баланы зорламақ болғаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы TVK арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың қаңтарында ер адам аулада ойнап жүрген 3 және 4 жасар әпкелі-сіңлілі қыз баланы өзімен бірген ертіп кеткен. Ол 4 жасар қызға азғындық әрекеттер жасауға кіріскен.

Абырой болғанда, педофилдің жантүршігерлік қылмысты аяғына дейін жеткізуіне сол маңдағы көршілері кедергі келтірген. Олар ер адамның екі қыз баланы зорламақ болып жатқанын байқап қалған.

«Ер адамды «Сексуалды зорлық көрсету әрекеттері» бабы бойынша 16 жылға қатаң режимдегі колонияға қамау шешімі шығарылды. Бұдан бөлек ол ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады», - дейді сот төрағасы Жәнібек Сейітжапбаров.

Сотталған ер адам - бұған дейін көлік ұрлағаны үшін істі болған Шымкент тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындамай, қыз балаларға қатты мас болғандықтан тиіскенін алға тартты. Тіпті ештеңе есінде жоқ екенін айтып, ақталды.

Сот залында ол балалардың ата-аналарынан кешірім сұрағанымен, бұл тиісті жазасынан құтылуға себеп болмады.

Тағы оқыңыз:

Оралда ер адам қайырымды жандардың арқасында науқас қызын құтқарып қалды

Өскеменде қомақты қаржымен жоғалған студент Қарағанды облысынан табылды

Алматыда «Инфинитидің» жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қасарысып отырып алды (видео)

«АрселорМиттал Теміртау» артық қызметкерлерін жұмыстан шығаратын болды

Байбек ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатамын деп уәде берді

Отандық туристер Бурабайда демалу Дубайдан да қымбат екенін айтты

Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын қожанасырдың хатына теңеді

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте 37 жастағы педофил екі кішкентай қыз баланы зорламақ болды
Mailfire view pixel