Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су астында өнер көрсеткен KeshYou солисінің құлағы естімей, ауырып қалды

Опубликовано:

Мамыр айының 24-і күні елімізге танымал Кешю тобы өздерінің он жылдық мерейтойларын атап өткен болатын. Аталған кешті өткізу ауыртпалығы жаңа жас құрамға түсті. Олар мұның оңай болмағанын, тіпті күндерінің көп бөлігі дайындыққа кететінін айтты.

Бұл туралы Stan.kz жазады.

KeshYou сахнада ән айтып қана қоймай, би де билейтін топ. Олар вокалдан бұрын биге көбірек назар аударатын көрінеді. Мұны қыздардың өзі де жасырмайды. Тіпті концерт алдында дауыстары өзгеріп, бірінің судан құлағы бітеліп қалған.

“Күндіз 3 сағат, кешкісін 4-5 сағат дайындаламыз. Ал бұдан бөлек бидің өзіне 9-10 сағат кетеді”, – дейді Ақбота Нұр.

Продюсерлері аямай жұмысқа салған соң, бойжеткендер концертке бірнеше күн қалған кезде ауырып жатып қалған екен.

“Концертке үш күн қалған кезде дауысымыз өзгеріп, менің судан құлағым бітеліп қалды. Ешнәрсе естімеймін. Іштей көңілім босап, бір жылап алдым”, – дейді Балжан Бидаш.

Осылайша ауырып қалған бойжеткендерді сахналық әріптестері әбден әжуалаған көрінеді. Олар үш қыздың таңертеңгілік жүгіруге шыға алмайтын айтқан.

Мұнымен қатар, әншілер Мақпал Жүнісовамен дуэт жаздырып, “Кетсең де шалғай” әнін орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1146563-su-astynda-oner-korsetken-keshyou-solisininh/

pixel