Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқал туралы әңгіме қозғаған Қыдырәлі мен Қарақат өз әрекеттерін түсіндірді

Опубликовано:

Жақында әнші Қарақат Әбілдина жұбайы Қыдырәлі Болмановтың туған күніне "екінші әйел" сыйлайтынын айтқан болатын. Алайда, әншінің бұл жазбасы желіде үлкен талқыға түскен еді. Тіпті, сахнадағы әріптестері де Қарақаттың бұл әрекетін түсінбей қалыпты.

Соңғы уақытта шоу-бизнес өкілдері елді шулатып, дүрліктіруді сәнге айналдырған сияқты. Сол арқылы танымалдығымыз артады деп ойлайтындай.

Алайда, әнші артынан ойланып, жұбайына тоқал алып беру ниетінің болмағанын, тек ризашылығын осылайша білдіргісі келгенін айтты. Дегенмен, оның пиар үшін жасалғанын жасырмайды.

Ал, Қыдырәлі болса, өзінің жауабын өзі туралы жазып жатқан кітабында білдірмек. Продюсер екінші әйел мәселесін сол туындысында ағынан жарылып айтпақ.

"Неден шыққан әңгіме екенін кеңінен білгіңіз келсе менің кітабымнан оқып аласыздар. Бір, екі ай көлемінде ол кітап жарық көреді. Онда көп нәрсе айтылған", - деді Қыдырәлі Болманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1150067-toqal-turaly-anhgime-qozghaghan-qydyral/

pixel