RU
Шетелдік БАҚ Ақтөбедегі атыс туралы не жазды?

Шетелдік БАҚ Ақтөбедегі атыс туралы не жазды?

Рассказать Вконтакте

Кеше Ақтөбеде болған атыс әлемдік БАҚ назарын аударды. Қазақстанның батысындағы қақтығыс туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да хабарлап жатыр деп жазады NUR.KZ.

"Кеше Қазақстанның Ақтөбе қаласында ірі теракт орын алды. Бірден қаланың үш жерінде - полиция бөлімі мен әскери бөлімде атыс болып, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.  Таң қаларлығы, Ақтөбедегі теракт әдеттегі сценарий бойынша жүрді: белгісіз экстремистер әскерилерге қарулы шабуыл жасады, ал тәртіп сақшылары әдеттегідей кеш қозғалды. Діни фанаттар барынша қарсылық танытуда", - деп жазады Lenta.ru.

Литваның DELFI порталы Қазақстандағы теракт салдарынан ондаған адам жараланды, ішінде құрбан болғандар да бар деп жазды. Литвалық БАҚ Ақтөбедегі оқиғаның радикалды бағыттағы топтардың ісі  екенін айтқан.

"Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалада радикалды исламды ұстанған содырлар қару сататын дүкен мен әскери бөлімшеге шабуыл жасап, алты адамды өлтірді. Қазақстанда исламдық шабуылдар өте сирек болады. Бірақ, Ресей шекарасына жақын орналасқан Ақтөбе қаласы 2011 жылы алғаш рет теракт болған қала ретінде танымал", - деп жазады британдық ВВС.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде шабуыл жасаған үш адам өлтіріліп, бірі жараланды

Ақтөбедегі атыс кезінде құқық қорғау органдарының екі қызметкері қаза тапты

Ақтөбедегі атыста алты адам қаза тапты (фото, видео)

ІІМ Ақтөбедегі атыс туралы хабарды растады

Бердібек Сапарбаев қала тұрғындарын өте сақ болуға шақырды

 

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel