RU
Тоқаев: Қасиетті Оразаның алдында болған атыс - шектен шыққан арсыздық

Тоқаев: Қасиетті Оразаның алдында болған атыс - шектен шыққан арсыздық

Рассказать Вконтакте

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ақтөбеде болған атыс туралы пікірін білдірді.

Бұл туралы Twitter парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Ораза айы басталар тұста болған бұл оқиға шектен шыққан арсыздық мен бандиттердің қатыгездігінің белгісі. Оларды қатаң жазалаудың жолдары қарастырылуда", - деп жазды Тоқаев.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасап, алты адам қаза тапты. Оның екеуі - құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Осыдан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды өте сақ болуға шақырып, антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанын жеткізді.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі  Ақтөбеде болған оқиғаға радикалды діни бағыттағы топтардың қатысы бар  екенін растады.

Бүгінде Ақтөбе қаласы мен облысы аумағында интернет желілері өшіріліп, барлық дүкендер жабылды деп хабарлады аймақтағы NUR.KZ тілшісі. Қалада көлік азайып, әскерилер мен тікұшақтар көбейген.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде шабуыл жасаған үш адам өлтіріліп, бірі жараланды

Ақтөбедегі атыс кезінде құқық қорғау органдарының екі қызметкері қаза тапты

Ақтөбедегі атыста алты адам қаза тапты (фото, видео)

ІІМ Ақтөбедегі атыс туралы хабарды растады

Бердібек Сапарбаев қала тұрғындарын өте сақ болуға шақырды

Шетелдік БАҚ Ақтөбедегі атыс туралы не жазды?

[videoadv

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel